IT индустрия: стартаперін миллионерге айналдырған ойын түрлері

IT индустрия: стартаперін миллионерге айналдырған ойын түрлері
Фото: hant.se/ Minecraft / the-village.ru/

Виртуалды ойын-сауық алаңы — XXI ғасырдың ең қолжетімді әрі табысы мол салаларының бірі. Бүгінде ойын индустриясы қарапайым адамды бірнеше аптада миллионерге айналдыра алады. Сенбесеңіз, мына мысалдарға назар салыңыз: 

Minecraft
Похожее изображение

Құрастырған: Маркус "Notch" Перссон

Жетістігі: Маркус өзі негізін қалаған Mojang студиясын 2,5 миллиард долларға сатқан. Видео ойындар саласы бойынша арнайы BAFTA* сыйлығына ие болды. Лос-Анджелестен жекежай сатып алады. Өзінің жеке капиталы — шамамен 1,4 миллиард доллар. Ол жасаған Minecraft пираттық көшірмесін есепке алмағанда, 25 миллион тиражбен сатылған. 

Өмір жолы: Перссон бай-бақуатты отбасында дүниеге келмеді. Оның анасы медбике болса, әкесі теміржолда қызмет ететін. Өмірінің алғашқы жеті жылын шағын қалашық Эдсбюнде өткізеді. Ата-анасы ажырасқаннан кейін анасымен бірге Стокгольмге көшеді де, сол жақта тұрақтап қалады. 

Картинки по запросу Маркус «Notch» Перссон

Перссон бағдарламалау тілін бала кезден үйрене бастайды. Жасы 12-ге келгенде ылғи компьютерден жоғалып кететін, бағдарламалау тілі әлсіз ойын түрін жазады. Есейе келе, кейін King.com деп атауын өзгерткен Midas фирмасына жұмысқа тұрады. Шағын флеш ойындардың кодын жаза бастайды. Сол жерде жұмыс істеп жүріп, екі ай ішінде 30-ға жуық қосымша дайындайды. 

Ол фирмадан өзінің ойынын дайындау мақсатымен кетеді. Бастапқыда жалғыз жұмыс жасаған ол, кейін алты адамнан тұратын шағын топ құрады. Осылайша, Mojang студиясының негізін қалайды.

Өзінің авторлық құқығын алдын-ала зерттеген Перссон табыстың басым бөлігін өзіне қалдырып, қалғаның студияға бөледі.  2011 жылдың аяғында 37,5 миллион фунт стерлингтің тек қана 4,5 миллионы студияға бөлінеді де, қалғаны өз қалтасына кетеді. 

Ойынның алғашқы нұсқасын құрастырушылар сайты TIGSource forum арқылы таралады. Алғашқыда бағасы 10 еуро болады (алғашқы аптада Minecraft 400 еуро табыс табады). Ал 2011 жылы бета нұсқасы екі есе қымбаттайды, ал тиражы 1,5 миллион көшірмеге жетеді. 

Құрастырушылардың пікірінше, ойынның табысқа жетуіне оның нұсқаулығының жоқтығы себеп болған. Ойыншылар форумның өзге қолданушыларымен кеңескен, ақыл сұрасқан. Нәтижесінде бұрын ойнамаған адамдар да Minecraft жайлы біле бастаған. 

Бүгінде Minecraft өзінің студиясы Mojang-пен бірге Microsoft компаниясына қарайды. Бұл келісімшартқа тұру үшін корпорация 2,5 миллиард доллар қаражат жұмсаған. Бір сұхбатта Перссонге журналист фирманы неге сатқанын, өзінде қалса табыс одан да көбірек болатындығын айтқан кезде, ол оның мақсаты ақша еместігін және бар болғаны нені ұнатады сонымен ғана айналысатындығын жеткізген еді. 

Angry Birds

Картинки по запросу Angry Birds

Құрастырған: Rovio студиясы

Жетістігі: 2016 жылдың мамырында "Angry Birds кинода" (Angry Birds в кино) атты фильм жарыққа шықты. 2013 жылы атақты ашулы құстар Финляндияның почта маркасына бейнеленді. 2012 жылы Angry Birds құрметіне ойын-сауық саябағы ашылса, сол уақыт аралығында хоккейде Әлем чемпионатынының тұмары болды. Компанияның толық табысы бастапқы капиталдан 500 есе көп.  

Өмір жолы: Rovio компаниясының негізін финляндиялық Микаэль және Никлас Хед атты ағайындылар қалайды. 2009 жылы олар бүкіл әлемді бағындыратын жоба дайындаймыз деген мақсатпен жұмыс істейді және сол мақсатқа қол жеткізеді. Оған дейін бірнеше сәтсіз жобалар дайындаған болатын. 

Картинки по запросу Микаэль и Никлас Хед

Ағайындылар ерте жастан бағдарламалау тілін меңгеріп, ойын құрастыруды қолға алады. Ал, Микаэльдің әкесі табысты кәсіпкерлердің бірі болатын. Сондықтан, ойланбастан ұлының кәсібіне 1 миллион еуро қаржы құяды. Дегенмен, қаржыны құр беріп қана қоймай, шарт ұсынады: фирма бизнеспен айналысуы тиіс еді. Ал, Микаэль болса бренд құруды көздеген-тұғын. Әкесі шағын көлемді қосымшалар дайындап, оларды ірі компанияларға сатуды ұсынады. Амалсыз келіскенімен, ұлы біраз уақыттан соң бизнестен кетуге шешім қабылдайды. Сол уақытта компанияда 50 адамнан небәрі 12 адам қалады. Ал, компания жағдайы тым мүшкіл еді. Компанияны қайта құру мүмкіндігі жоғын сезген ағайындылар, бар күш-жігерін оларды не қаржы құдығынан алып шығатын не әбден батыратын белгісіз ойынды жасауға жұмсайды. 

2007 жылы жаңа iPhone шығады. Ағайындылар жаңа ойынның платформасы iPhone болу керектігін бірден ұғады. Angry Birds алғаш рет AppStore қосымшасында пайда болғанда, оны сәтсіздік күтіп тұрған еді. Ешкім ойынды жүктемеді, өйткені ол туралы ешкім білмейтін, ал, Apple қолдаудан бас тартты. 

Тек Дания, Чехия секілді нарығы кішкентай елдерде жетістікке жете бастағаннан кейін Apple цифрлі дүкені ғана Angry Birds ойының басты бетке "апта қосымшасы" деп орнатқан болатын. Бұл жағдай тек 2010 жылдың ақпан айында іске асады.

Cut the Rope

Картинки по запросу Cut the Rope

Құрастырған: Zeptolab студиясы

ЖетістігіiOS тарихында үздік ойындар бойынша 3-орынға ие болды. 2011 жылы BAFTA сыйлығын алды. 2013 жылы Forbes нұсқасы бойынша Ресейдің IT-компанияларының үздік отыздығына кірді.  

Өмір жолы: Zeptolab студиясы тек екі адамнан тұратын: Ефим мен Семен Войновтар. 2010 олар кәмпит жейтін кішкентай жасыл айдаһар жайында Cut the Rope атты ойынды жарыққа шығарады. Сол жылы кішкентай әрі құбыжық Жер ғаламшарының бар ойыншысын жаулап алды. 

Бүгінде студияда 80 адам жұмыс істейді, ал еншісінде сегіз ірі ойын бар. Zeptolab студиясына дейін, бауырлар Reaxion компаниясында жұмыс істейді. Платформаны анықтап алғаннан кейін жұмысқа бірден кіріседі. Олардың Java, Brew мен Symbian секілді бағдарламалау тілдері әрі қызмет түрелерімен жұмыс істеуде тәжірибелері жеткілікті еді. Концепция да дайын болды. Кейіпкер де жайдан-жай таңдалмаған еді. Сүйкімді айдаһарды тамақтандырғын келіп тұрса, оның үлкен көздері (ерекше тартымды) қосымшаны жаппай, әлде де ұзақ отыруға себеп болатын. 

Flappy Bird

Картинки по запросу flappy bird

Құрастырған: Донг Нгуен

Жетістігі: Flappy Bird құрастырушысы күніне 50 мың доллар табыс табатын. Әлем бойынша ойынды 50 миллионнан астам адам жүктеген. Вьетнамда ата-анасымен өмір сүретін Донг Нгуен бір ақ күнде танымал болып шыға келді. 

Өмір жолы: 2012 жылы Нгуен қылыштасатын кейіпкері бар ойын дайындап жатқан болатын. Кейін белгісіз себептермен жұмысын тоқтатып, жай ермек үшін екі күнде Flap Flap аркадасын* дайындайды. AppStore қосымшасында бұндай атаумен ойын тіркелгендіктен, оны Flappy Bird деп өзгертеді.

Картинки по запросу Донг Нгуен

Алғашқы алты айда 13 адам пікір қалдырады. Аса танымалдылыққа ие еместігін бірден аңғаруға болатын. Бірақ, 2013 жылдың қазанында бұл ойынды қосымша автоматты түрде "Отбасылық" санатына ауыстырады. Сол сәттен бастап ол рейтингте 1469-тен 393-ке, бір айдан соң 73-ке көтеріледі. Араға тағы бір ай салып, АҚШ-тағы топ-10 қосымшаның қатарына енеді. 

2014 жылдың қаңтарында Flappy Bird тек АҚШ-тағы үздік тегін ойындардың көшін бастаса, екі апта ішінде әлемдегі 52 мемлекет оны үздік теп таниды. 

Бұл туралы The Telegraph және Newsweek басылымдары жарыса жазса, маркетологтар жасанды жолмен пікірлерді көбейтті деп кінә тақты. Ал, құрастырушы болса ешнәрсе білмейтіндігін жеткізді.

8 ақпанда Донг Нгуен Flappy Bird ойынын AppStore қосымшасынан өшіріп тастайды. Ойыншылар қайтаруын талап етіп, тіпті, қанша қымбат болса да сатып алатынын жеткізгенімен, құрастырушы сол күйі ойынды қайтармады. Ол әлі күнге дейін қосымшалар дайындайды. Бірақ, бірде бірі дәл осындай танымалдылыққа ие болмады. Соған қарағанда, бұл жігіттің жай ғана жолы болды. 

Firewatch

Картинки по запросу Firewatch

Құрастырған: Campo Santo студиясы

Жетістігі: 2016 жылдың ақпанында PlayStation Store қосымшасындағы ең жиі жүктелетін ойын қатарына кірді. Ойын құрастыруға кеткен қаражат релиз күні қайтарылған. Құрастырушылар тек ойындағы суреттерді сатудың өзінен 15 мың доллар табыс тапқан. Ал, алғашқы айда Firewatch тиражы жарты миллион көшірмеге жеткен. 

Өмір жолы: Квест ретінде құрастырылған Firewatch азғантай қаржыға жасалғанына қарамастан, қымбат блокбастерлерді басып озды. Сыншылар оң бағасын берді, ойыншылар рахаттана жүктеп алды. Campo Santo компаниясының негізін қалаған Джек Родкин бұрындары Telltale Games (The Wolf Among Us, The Walking Dead) компаниясында қызмет етеді. Ұзақ уақыт сериялы ойындар шығарумен айналысқан ол тәжірибе жинаған соң, өз компаниясын ашуға бел буады. Ол өзге құрастырушылар секілді Kickstarter* көмегіне сүйенбей, ерекше инвестор табады.

Panic компаниясы жаңа студияның демеушісі болады. Panic компаниясы осы уақытқа дейін Mac үшін аудио дайындаудан бастап Katamari Damacy логотипімен жеңіл жейде шығаруға дейін қолдау көрсетеді. Telltale компаниясына дейін Panic компаниясымен жұмыс істеген Джек үшін олармен тіл табысудың қиындығы жоқ еді. Осылайша алғашқы айда 10 миллион доллар табыс тапқан студия қаржыландырудың текке кетпегенін дәлелдеп ұзақ мерзімді келісімшартқа отырады. 

Бүгінде жас бағдарламалушылар Kickstarter немесе Steam Greenlight жүйесінен бір де бір табыс таппастан кетіп жатады. Мәселе ойынның нашарлығында емес. Бар болғаны оларға біздің бүгінгі кейіпкерлерімізге тән құштарлық, идея, тәжірибе, ақша мен жай ғана бармақтай бақ жетіспеді. 



*Мақала сөздігі:

BAFTA — ағылшын тілінде "The British Academy of Film and Television Arts" —  кино, телевидение, балаларға арналған компьютер ойындары мен өнер туындылары саласында жеткен жетістіктеріне табысталатын жүлдені ұйымдастырушы Ұлыбританиялық тәуелсіз қайырымдылық ұйымы. 
Аркада — қысқа мерзімді, бірақ жылдамдықты керек ететін компьютер ойынының жанры.
Kickstarter — краудфандинг негізінде ғылыми, өндірістік не шығармашылық жобаларды іске асыру үшін қаржы жинайтын сайт.  

Т. Есқали