Huawei-дің 80 млн қолданушысы EMUI 9 жүйесін орнатты

Huawei-дің 80 млн қолданушысы EMUI 9 жүйесін орнатты
Фото: Tengrinews.kz

Huawei Mate 9 және Huawei P10 смарфтондарының иелері интерфейсті EMUI 9 жаңа жүйесіне жаңарта алады. Жаңартулар Mate 9 және P10 смартфондарының 2016 жылдан бері шыққан буынына арналған.

EMUI 9 – Mate 9 және P10 модельдеріне арналған екінші ауқымды нұсқа. Компания өкілдерінің айтуынша, EMUI 9-ды енгізудің басты себебі – әлем бойынша Huawei Mate 9 және Huawei P10 смарфтондарының иелеріне түсінікті әрі эргономикалық қолданушы интерфейсінің мүмкіндіктерін көрсету. Сондықтан EMUI 9 конфигурациясының саны 10 процентке азайған, ендігі смартфонды бір қолмен басқару ыңғайлы және толықэкранды навигацияны ыммен басқаруға болады. Бұдан бөлек жаңа интерфейстің қолданушылары сызба деректерді GPU Turbo жаңа инновациялық технологиясымен өңдей алады.

Компанияның соңғы деректеріне сәйкес, смартфондарын EMUI 9 жүйесіне жаңартқандардың саны әлем бойынша 80 миллионнан асқан. Huawei компаниясының болжамы бойынша, маусым айының соңына дейін бұл көрсеткіш 100 миллионға жетеді.

Смартфоныңызды жаңарту үшін "Баптаулар" мәзіріне кіріп, "БЖ жаңарту" пунктін таңдайсыз. Бұдан бөлек HiCare қосымшасына кіріп, EMUI жаңартуларына жазыла аласыз. EMUI 9 жаңартулары бойынша ақпарат сіздің қай мемлекетте орналасқаныңызға байланысты әртүрлі уақытта шығады.

EMUI 9 интерфейсін 2017 жылы шығарылған Huawei Mate 10 және 2018 жылы шығарылған Huawei P20, Mate RS, Nova 3 смартфондарында жаңартуға болады.

Серіктес материалы

А. Рысдәулет