Google және Facebook қызметкерлеріне қанша төлейді?

Он жыл бұрын АҚШ-та дағдарыстан соң сауда компаниялары өздерінің қызметкерлерінің жалақысын көпшілікке жария етіп оны бас директорлардың табысымен салыстыру туралы заң қабылданған болатын. Технологиялық компаниялар өздерінің орташа жалақыларын жариялай бастағалы, елдегі жоғары жалақылы қызметкерлерді анықтау әлдеқайда оңай бола түсті.

Google және Facebook қызметкерлеріне қанша төлейді?

Өткен жылы Google Alphabet жылдық орташа жалақысы 25%-ға артып, 246 884 долларға дейін жетті: Бұл — ең жоғары көрсеткіш. Alphabet  өкілдері бұл өсімге әсер еткен нәрсе акциялар мен опциялар екенін айтады.

Facebook болса өткен жылы үлкен дағдарысты басынан кешірді. Одан бөлек, жаңалықтар бойынша жаңа қызметкерлерді іздеу үстінде. Әрине, қызметкерлерді ұстап қалудың не өзіне тартудың жол жалақының көтеру екені белгілі. Дегенмен, Facebook жалақы мөлшері 5% дейін төмендегенін айтады.

Валери Фредериксон, "Силикон алқабындағы" (Кремниевая долина) адам ресурстары бойынша тәжірибелі маманның айтуынша, "Facebook компаниясына жұмысқа тұруды қалайтын үміткерлер көп. Тіпті, жалақы азайғаны олардың санына еш әсер етіп жатқан жоқ".

Twitter, Square, Workday бағдарламаларды ұйымдастыру және графикалық чип өндіретін Nvidia өз қызметкерлерінің жалақысы 2018 150 000 долларға өскенін айтты.