Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / "Алысқа қара". Oppo Reno смартфондар желісі жарыққа шықты

"Алысқа қара". Oppo Reno смартфондар желісі жарыққа шықты

Қазіргі смартфон нарығының талаптары мен трендтері барлық компанияға қалыспай, жаңа смартфондарын барынша қабілетті етіп шығаруға итермелеп жатыр.  Әсіресе, соңғы уақытта қытайлық брендтер арасында бәсекенің өскенін байқауға болады. Қайнаған технология жарысында Орро компаниясы да бар. Әр жаңа смартфон желісіне асқан талғаммен қарайтын компания биыл Oppo Reno атты смартфондар желісін таныстырды. Құрылғылардың мүмкіндіктері көп пе? Әлде бұл көптің бірі болып шыққан смартфондар ма? Алматыда өткен таныстырылым негізінде жауап беріп көрейік.

Reno желісі премиум Reno 10x Zoom және Reno модельдерінен тұрады. Бюджетті смартфондарды жасырып, флагмандарды асырып таныстыратын брендтердің әдеті бойынша, Reno және Reno 10x Zoom смартфондарын шолып өтейік.

Смартфондар дизайнын жіңішке, жинақы етіп жасауға тырысқан. Екеуінің корпусы ұқсас, айырмашылығы тек дисплей көлемінде ғана. Reno моделінкі – 6.4 дюйм, Reno 10x Zoom дисплейі – 6.6 дюйм. Ені мен ұзындығының ара-қатынасы – 19.5:9. Осылайша дисплей смартфонның алдыңғы бөлігінің 93.1%-ін алып тұр.

Смартфордардың Ocean Green және Jet Black атты екі түсі бар. Бұл серияның ең басты ерекшелігі - жылжымалы фронтал камера панелі.

Бұған дейінгі бірнеше модельде жылжымалы камераларды көрген едік, ал Reno сериясында панель үшбұрыш формасына ие болған. Жылдамдығы әжептәуір жақсы, небәрі 0.8 секундта іске қосылады. Конструкция 200 000-дай цикл жасай алады. Егер қолданушы фронтал камераны күніне 100 рет қолданса, 5 жылға жетеді деп сендірді компания өкілдері. Сондай-ақ бұл панельдің қорғаныш функциясы бар. Арнайы сезбек смартфонның құлап бара жатқанын анықтаса, өздігінен лезде жабыла қояды.

Смартфон экранының қауіпсіздігіне алтыншы деңгейлі Corning Gorilla Glass жауап береді. Ал смартфон артына, негізгі камералармен қатарласа орналасқан O-dot керамикалық элементі орнатылған. Оның қызметі - тегіс жердегі смартфонның сәл шығыңқы жатуын қамтамасыз ету. Себебі камералар корпус ішіне кіріктірілгендіктен, смартфон тегіс үстел үстіне жабысып, қозғағанда сырты зақымдануы мүмкін.

Камералардың корпусқа кіріктіріліп жасалғаны – өте жақсы тенденция. Бірақ камералардың басты үстемдігі бұл емес. Reno 10x Zoom моделінің камерасы 10-шы деңгейдегі гибрид зумға ие. Яғни кескінді он есе жақындатсаңыз, сапасы зардап шекпейді және қос оптикалық стабилизаторы да сурет сапасын қамтамасыз етеді. Негізгі үш камераның қабілеті мынадай: 48 мегапиксельді Sony IMX586, кеңбұрышты 8 мегапиксельдік объектив және 13 мегапиксельді телеобъектив. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін фронтал камера 16 мегапиксельде түсіреді. Объектив апертурасы – f/2.0. Камералардың Ultra-Night Mode 2.0 сияқты функциясы бар. Оның көмегімен жарық нашар түскен жерде адам сұлбасы анықталып, сурет сапасындағы акцент соған беріледі.

Reno сериясында секундына 60 кадр жылдамдықтағы 4К видеорежимі бар. Компания өкілдері видео стабилизаторына баса назар аудартты. Одан бөлек видеорежимге Audio Focus функциясы орнатылған. Ол алыстағы объектінің дыбысын анықтайды да, 360°-та електен өткізіп, сапалы дыбысты қамтамасыз етеді.

Reno 10x Zoom моделі Qualcomm® Snapdragon 855 платформасында жұмыс істейді, батарея қуаттылығы – сағатына 4065 мА. Ал Reno смартфонына Snapdragon 710 чибі орнатылған, батарея қуаттылығы – сағатына 3765 мА.

Reno смартфоны Қазақстан нарығына сатылымға шықты. Бағасы – 249 990 тг. Ал Reno 10x Zoom 349 990 тг бағада маусым айында сатылымға шықпақ.

Жарнама материал

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 15 мамыр, 14:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.