PUBG Corporation ойыннан 920 млн доллар табыс түсірді

PUBG Corporation ойыннан 920 млн доллар табыс түсірді

PUBG Corporation қаржылық есебіне сәйкес 2018 жылы 920 миллион АҚШ доллар көлемінде пайда түсірген.

Оның таза кірісі - 311 млн долларды құрады. Түскен кірістің 53 пайызы Азия нарығына тиесілі. Оның ішінде ең көп пайда PlayerUnknown’s Battlegrounds ойынының PC нұсқасынан түскен. Шамамен 790 миллион доллар. Екінші орынға 65 миллион доллар пайда әкелген ойынның мобильді нұсқасы жайғасқан. Ал консольдық нұсқа бар болғаны 58 млн долларға сатылған. 

Ойынның мобильді нұсқасынан түскен қаржының аздығы PUBG Corporation лицензияға иелік ететініне байланысты. PlayerUnknown’s Battlegrounds ойынын смартфондарға ыңғайлап жасап шығарған және оны дамытумен Tencent компаниясы айналысады. Сол себепті PUBG Corporation-ға лицензия иегері ретінде түскен пайданың белгілі бір мөлшері ғана өтеді.

Компьютер ойындарын жасаумен айналысатын Valve компаниясы Playerunknown’s Battlegrounds ойынын дәстүрлі Steam Awards 2018 сыйлығын табыстап, өткен жылдың үздігі деп таныды.

PlayerUnknown’s Battlegrounds ойынын жасаушы Брендан Грин жапониялық "корольдік айқас" деп аталатын фильмді көргеннен соң ойын шығаруды қолға алған. Бұл ойынның ерекшелігі - 100 ойыншы бір үлкен алаңда өмір үшін айқасады. Өзіңе қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тауып, өмір үшін өзгелермен күресесің.

PUBG ерекшелігі - миыңа салмақ салатын ешқандай тапсырма орындамайсың. Тек сенен бөлек 99 адам онлайн түрде өмір үшін күреседі. Уақыт өтісімен ойын алаңы кішірейе бастайды. Бұл аймақтан сырт қалсаңыз жаныңыз ақырындап азаяды. Сол себепті тез арада қару-жарақты сақадай сай қылып, қарсылас іздеу қажет. Ойында бірнеше тәртібі бар. Жалғыз өзің немесе команда жинап соғысуға болады. Бар болғаны осы. Дегенмен, ойынды жасаушылар оны барынша дамытуға тырысып жатыр. Түрлі локациялар мен жанрлар. Қару-жарақтың сан түрі мен неше түрлі көліктер. Жалғыз өзің немесе командаңды жинап, атыс алаңына шығып кетсең болады. Ойын үстінде бір-біріңмен еш қиындықсыз сөйлесуге мүмкіндік бар. 

А. Рысдәулет