Smartphone: Неліктен шағылған экранды дереу жөндету қажет?

Smartphone: Неліктен шағылған экранды дереу жөндету қажет?

Смартфоныңыздың экранын шағып алсаңыз, дереу түрде жөндетіңіз. Тіпті, кішкентай ғана сызықтай жарық пайда болса да.

1. Экран сенсоры істен шығуы мүмкін

Әдетте смартфонның беткі панелі қорғаныш әйнегінен, сенсорлы панельден және суретті көрсететін матрицадан тұрады. Егер экран сынса, 2-4 аптаның ішінде әйнетік кішкентай сынығы түсе бастайды. Бұдан бірінші кезекте сенсорлы панель зардап шегеді. Уақыт өте смартфоныңыздың сенсоры мүлдем істемей қалуы мүмкін.

Картинки по запросу phone screen

2. Матрица зардап шегеді

Әйнек шытынағанда бәрінен бұрын матрица зардап шегеді. Арасы тым жақын болғандықтан әйнек матрицаны басып қалуы мүмкін. Экранды саусағыңызбен басқан сайын шытынаған әйнектер смартфонның ішіне қысым түсіреді.

Картинки по запросу smartphone

3. Ылғал

Заманауи смартфонның басты жауы - су. Сол себепті де өндірушілер құрылғыны ылғал өткізбейтін етіп жасайды. Ал әйнек сынған жағдайда құрылғының іші тез ылғалдануы мүмкін. Бұл өз кезегінде смартфонның істен шығуын жылдамдатады.

Картинки по запросу Phone water

Сматрфоныңыздың экранын шағып алсаңыз, бірден жөндеуге апарыңыз. Әйтпеген жағдайда смартфоныңыз ұзақ уақыт өтпестен жарамсыз болып қалады. Ал оның алдын алу үшін қорғаныш пленкасын жапсырып, қорғаныш қапқа салып қойыңыз. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар