Қазақстан ойын өндірісі рейтингінде үздік 50 елдің қатарына енді

Қазақстан ойын өндірісі рейтингінде үздік 50 елдің қатарына енді

Newzoo сараптамалық компаниясы 2018 жылы компьютер ойындарын сатудан ең көп пайда түсірген елдердің рейтингін түзді.

Қазақстан бұл тізімде 44-орынға жайғасқан. Newzoo компаниясының мәліметіне сүйенсек, елімізде 18 миллион халықтың 15 миллионы ғаламторда белсенді екен. Өткен жылы Қазақстан халқы компьютер ойындарын сатып алу үшін $207 миллион қаржысын жұмсаған.

Үздік бестік Қытай, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Германия кірген. "Аспан асты" елі компьютер ойынын сатудан $34,4 миллиард қаржы түсірген. 3 миллиард долларға аз кіріс түсірген Америка Құрама Штаттары екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті "күн шығыс" елі ($17,5 млрд) түйіндеді. $5,7 миллиардпен Оңтүстік Кория 4-ші, 4,9 млрд табыс тапқан Германия 5-ші сатыда. Рейтингіде ТМД елдерінің ішінде ең жоғары нәтижені Ресей көрсеткен. Солтүстік көршіміз комьютерлік ойын үшін қалтасынан $165,7 миллионын шығындаған.

Бұған қоса, Newzoo компаниясы смартфон қолданушылардың санын есептеген. Қазақстан халқының 12 миллионы смартфонды қолданады екен. Бұл көрсеткішпен біздің ел рейтингіде 39-шы орынға тұрақтады. Көш басында - Қытай елі. Шығыс көршімізде 782 миллион смартфон қолданушылары бар екен.

Newzoo - киберспорт және ойын өндірісінде көшбасшы сарапталық компаниялардың бірі. Нарықтағы пайданың тең жартысы (49%) - смартфон мен планшетке келеді екен.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар