Huawei P30. Жаңа флагманның таныстырылымына бірнеше сағат қалды

Huawei P30. Жаңа флагманның таныстырылымына бірнеше сағат қалды

Бүгін, 26 наурызда, Huawei компаниясының жаңа флагмандары P30 сериясы таныстырылады. Әлемдік презентация Парижде өтеді. Жан-жақтан жиналған түрлі БАҚ өкілдері мен техномамандар алғаш болып P20 ізбасарын сынап көруге мүмкіндік алады. P30 өз ізашарының жетістігін қайталай ала ма?

Жаңа құрылғы туралы ақпарат әдеттегідей презентацияға дейін желіге тарап кетті. Дегенмен біршама деталі әлі де беймәлім. Компания өз деңгейінен асып түсіп, мобильді фотографияда жаңа бағыт тауып, революциялық қадам жасай ала ма? Бірнеше сағаттан кейін белгілі болмақ. 

Жаңа флагман жайлы аз-маз сыбыс. Негізі, P-сериядан қолданушылар фотография саласындағы инновациялық шешімдер күтеді. P30 моделіне 10 гибридті суперзум орнатылған. Бұл мүмкіндікті Huawei Consumer Business Group басшысы Ричард Юдің өзі Weibo-да Айдың жақын зуммен жақындатылған суретін жариялап, көрсетіп берген еді. Детализациясы өте керемет және бүгінгі мобильді камерофондар мүмкіндігінің қаншалықты көп екендігіне көз жеткізіп отырмыз.

P30-дың екі моделі жарыққа шығады: базалық P30 және флагмандық, төрт камералы, үлкен экранды P30 Pro.

Huawei бет-әлпет сканеріне қатысты мәселені қалай шешкені әлі де түсініксіз. Бірнеше күн бұрын пайда болған рендерлерде экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан ойық минимал көлемде болған. Инженерлер керекті сенсорларды қайда орналастыруы мүмкін? Р30 бет-әлпет идентификациясын қосу-қоспауы да белгісіз дүние.

"Қаңқасына" келер болсақ, жаңа құрылғыға 7-нм процессор Kirin 980 орнатылған – дәл сондай Mate20 легіндегі смартфондарға орнатылған. Қытайда жедел жады 12 ГБ, негізгі жады 512 ГБ болады деген сыбыс бар. Бұл модельдің шетелге шығу-шықпауы әлі белгісіз. 

Презентацияға тым аз уақыт қалды. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де жаңа смартфон таныстырылып, қолданушыларға жол тартады.

Cеріктес материалы

Massaget.kz