Енді Telegram-да хабарламаның барлығын өшіруге болады

Енді Telegram-да хабарламаның барлығын өшіруге болады

Telegram-ның жаңа функциясы қолданушыларға өзінің және өзгелердің хабарламаларын өшіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров хабарлады.

"Бүгіннен бастап әр қолданушы чаттағы кез келген хабарламаны өшіре алады. Кімнің қашан не жібергені маңызды емес, оның барлығын қолданушы қадағалап, екі жақта да көрінбейтіндей етіп өшіріп тастай алады", - деп жазды Павел Дуров өз telegram-каналында.

Бұған дейін қолданушы тек 48 сағат ішінде жазылған өз хабарламаларын ғана өшіре алатын еді.

"Сіз баяғыда ұмытып кеткен ескі хабарламаңыз контекстен жұлып алынып, кейін сізге қарсы қолданылуы мүмкін. Мектепте бір қызға асығыс жаза салған хатыңыз 2030 жылы әкім сайлауына қатысып жатқаныңызда алдыңыздан шықса еш таңқалмаңыз", - дейді Дуров.

Сонымен қатар, қолданушы өз жазбасы репостталғанда аккаунтының басқаларға көріну-көрінбеуін қадағалай алады. Сондай-ақ, профиль суретін бөгде аккаунттарға көрінбейтіндей етіп баптауға болады.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN