Интернет жылдамдығы бойынша рейтинг: Қазақстан Ресейді басып озды

Интернет жылдамдығы бойынша рейтинг: Қазақстан Ресейді басып озды
Фото: viverdeblog.com/

Ирландияның Ookla компаниясына тиесілі Speedtest.net интернет-сервисі 2019 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша әлемдегі мобиль және сымды интернет жылдамдығы туралы Speedtest Global Index айлық рейтингісін жариялады.

Қазақстан төмендегідей орындарда:

Еліміз мобиль интернет жылдамдығы бойынша 18.92 Мбит/с. жылдамдықпен 136 мемлекет ішінен Ресейді басып озып, 80-орынды иеленді. Мобиль интернет жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған ел Норвегия болса, рейтингтің соңында Алжир мемлекеті.

Ал сымды интернет бойынша 177 мемлекет ішінен 34.12 Мбит/с. жылдамдықпен 60-орынға табан тіреп тұр. Сымды интернет бойынша Сингапур елі көш бастап тұр. Тізімнің соңында Йемен елі.

Т. Раушанұлы