Huawei Android-тан бас тартуға дайын

Huawei Android-тан бас тартуға дайын
Фото: gadgetmatch.com

Huawei-ге түскен халықаралық қысымға байланысты компания өз өнімдерінің Kirin дербес операциялық жүйесінде жұмыс жасай алатынын мәлімдеді.

Android альтернативі жайлы алғаш рет былтыр айтыла бастаған, бірақ операциялық жүйе компания атынан ресми айтылған жоқ. Ал жақында компанияның вице-президенті Брюс Ли Kirin OS атты балама жүйені 7 жылдан бері жасап келе жатқандарын мойындады.

Huawei P smart 2019 - "Техношолу"

Инсайдерлік ақпараттарға сәйкес, Kirin OS Linux негізінде жасалып жатқан көрінеді. Операциялық жүйе әмбебап болмақ: смартфон, планшет, ноутбуктарға ортақ етіп жасалады.

Massaget.kz