2019 жылдағы мобилді трендтер: 5G, бүгілетін смартфон, виртуалды шындық

2019 жылдағы мобилді трендтер: 5G, бүгілетін смартфон, виртуалды шындық
Фото: andro-news.com

Барселонадағы Mobile World Congress телекоммуникация және гаджеттер әлемінің негізгі оқиғалары соңына жетті. Ол жерде жасанды сана, "ақылды" үйлер үшін жаңа құрылғылар, жүргізушісіз басқарылатын транспорт және ұшатын такси сынды болашақ технологиялары көпшілікке таныстырылды. Өндірушілер "5G-дің арқасында аталған ерекше технологиялар жақын болашақта іс жүзінде пайдалануға беріледі" дейді.

©travelcalendar.ru

5G барлығын өзгертеді

5G – бұл көрменің басты тақырыбы болды. Бұрын аталған жаңа тармақ тек теория ғана болған болса, енді оны өндірушілер қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

Көрмеде Huawei, Samsung, ZTE, Xiaomi компаниялары 5G жаңа тармағымен жұмыс істейтін бір-бір смартфондарын көрсетті. Өндірушілердің айтуынша, 5G тармағы тек қана оны пайдаланушылар үшін ғана емес, болашақ технологияларының дамуы үшін де өте қажет. Huawei эксперттері 5G-ді "барлық нәрсе жұмыс істейтін жаңа электр" деп атады.

 ©medial.mk

Бүгілетін смартфонлар өте қымбат болады

Көрменің тағы бір ерекше технологиясы бүгілетін дисплейі бар смартфондар болды. Мұндай смартфондар үшеу: Royole FlexPai (бағасы 1300 доллар айналасында), Huawei Mate X (2600 доллардан басталады) және Samsung Galaxy Fold (1980 доллар).

Олардың қымбат болғанынан бөлек, шектелген мүмкіндіктерге ие екендігі болашақта сатып алушыларды екілендіріп қоюы мүмкін. Мысалы, Royole FlexPai бар-жоғы 200 рет қана бүгіліп-ашылады, оның демо-нұсқасындағы дисплей толық режимнен бүктелген режимге өту кезінде қатып қалады. Қалған екеуін қолданып көргендер аз, олар туралы мәлімет жоқтың-қасы. Бірақ салыстыру үшін айтатын болсақ, технологиялық мүмкіндіктері жағынан Huawei Mate X Galaxy Fold басқа бәсекелестерін артта қалдырған.

Ғалымдар 5G-ді қолдануға қарсы петиция жариялады

Азия әлемді жаулап алып жатыр

Бұл көрмеде белгілі болғаны: АҚШ технологияның мүмкіндіктері жағынан Азиға жетекшілікті беріп қойды. Азиялық компаниялар алып келген техникасының барлық қасиеттері жағынан озып шықты. Huawei, Samsung, Xiaomi және ZTE смартфондары көрменің негізгі "әшекейіне" айналды. Қала берді, 5G үшін Huawei Balong 5000 чипсеті бар болып, ол соңғы мобилді тармақтарға жауап беретін жалғыз чипсет.

©travelcalendar.ru

Виртуалды шындық өміріміздің маңызды бөлігіне айналады

Виртуалды шындықтың (VR) нұсқасы барлық стендте көрсетілді. VR шлемін және көзілдірігін көрмеге келушілердің басым бөлігі қолданып көрді. Ал болашақта 5G-дің арқасында біз виртуалды шындықты ешбір шлем не көзілдіріксіз де көретін боламыз. Мұндай технологияның демо-нұсқасын Huawei таныстырды.

Әрине аталған технологиялар дәл бүгін шығарылмайды, бірақ ерте ме кеш пе бұлар да қолданысқа енеді.

Т. Раушанұлы