Business Insider рейтингі. 2018 жылдың үздік 20 смартфоны

Business Insider рейтингі. 2018 жылдың үздік 20 смартфоны
Фото: techadvisor.co.uk

Business Insider басылымы 2018 жылы жарыққа шыққан үздік 20 смартфон рейтингін жариялады. Редакцияның айтуынша, смартфондардың орналасуына қарамастан олардың әрқайсы сатып алуға тұрарлық құрылғы. 

OnePlus 6T 2018 жылдың үздігі атанды. Business Insider ойынша, бұл смартфон сымсыз қуаттау, судан қорғау функциясына, зум-камераға немесе 2К-экранға ие болмаса да, өз бағасын ақтайтын бірден-бір гаджет. OnePlus 6T өз бәсекелестерінен гөрі 200 долларға арзан.

©wccftech.com

Екінші орында iPhone XR. Рейтинг авторлары iPhone XR-дың iPhone XS-тен айтарлықтай айырмасы жоқ және бірнеше артықшылықтары да бар. Сондықтан 250 долларды артық төлеудің қажеті жоқ.

Ал үшінші орынды Google Pixel 3 және 3 XL смартфондары иеленді. Оларды сапалы камералары мен еш қоспасыз, таза ОС Android үшін үздіктер қатарына қосқан. Кемшілігі – асыра бағаланған бағасы.

Толық тізім:
– OnePlus 6T;
– iPhone XR;

– Google Pixel 3/3 XL;
– Samsung Galaxy Note 9;
– iPhone XS и iPhone XS Max;
– LG V40;
– iPhone X;
– Samsung Galaxy S9 Plus;
– iPhone 8 Plus;
– Samsung Galaxy S9;
– Huawei Mate 20 Pro;
– iPhone 8;
– LG G7;
– Razer Phone 2;
– HTC U12+;
– Samsung Galaxy S8 и S8 Plus;
– iPhone 7 Plus;
– Motorola Moto G6;
– Motorola Moto Z3;
– BlackBerry KEY 2.

 
Massaget.kz