Аустралияда көлік нөміріне эмодзи қолдануға рұқсат берілді

Аустралияда көлік нөміріне эмодзи қолдануға рұқсат берілді
Фото: instagram.com/personalisedplatesqld/

Аустралияның кей штаттарында автокөлік нөміріне эмодзи қолдануға рұқсат берілді, деп хабарлайды Fox News

1 наурызда Квинслендтің Көлік және жол департаменті айналымға енетін "смайлдарды" ресми жариялайды. Қазірдің өзінде ол эмодзилар белігілі: "күлімсіреген", "көзін қысқан", "ғашық", "қара көзәйнекті" және "күлкіден жыламсыраған".

Эмодзимен көлік нөмірлерін безендіру үшін, жүргізушілер қосымша 475 доллар төлейді. 

Аустралия заңына сай, автокөлік нөмірінде тек үш әріп пен екі сан болуы тиіс. Сондықтан эмодзилер нөмірдің тек дизайн элементі болмақ.

Massaget.kz