Қуатты 50 күн сақтайтын смартфон

Қуатты 50 күн сақтайтын смартфон
Фото: notebookcheck.net

Energizer брендінің иесі саналатын Avenir Telecom компаниясы батарея қуаттылығы ең үлкен смартфон жасап шығарды. Energizer Power Max P18K Pop атты бұл смартфонның қуаттылығы – сағатына 18 000 мА. Өндірушілердің айтуынша, смартфон қуатты 50 күн сақтап жұмыс істей береді.

18 000 мА-лік қуаттылықты қазіргі нарық көрсеткіштерімен салыстыруға да келмейді. Мысалы жақында шыққан Samsung Galaxy S10 Plus смартонының қуаттылығы – 4100 мА.

Гаджеттің 6,2-дюймдік Full HD+ экраны 1080×2340 пиксель анықтыққа ие. Ішіне MediaTek Helio P70 процессоры орнатылған, жедел жады – 6 ГБ, негізгі жады – 128 ГБ.

Негізгі үш камера 12+5+2 мегапиксельде, фронтал камералар 16+2 мегапиксельде  түсіреді. Технологтар фронтал камераларды моно-қабақ емес, жылжымалы перископ қылып жасаған. 

Avenir Telecom құрылғының дайын прототибін Барселонадағы MWC 2019 көрмесінде таныстырмақ. Ал смартфонның өзі сатылымға тек маусымда шықпақ.

Massaget.kz