Әлемдегі ең кішкентай ноутбук жасалды

Әлемдегі ең кішкентай ноутбук жасалды
Фото: winfuture.de

Қытайлық GPD компаниясы құны $299 доллар (қазіргі теңге бағамы бойынша – 112 мың теңге) болатын ең кішкентай ноутбук жасап шығарды. Пішініне қарамастан GPD MicroPC ноутбугы Windows 10 Pro немесе Linux Ubuntu жүйлері негізінде жұмыс істейді.

Лэптоптың қалыңдығы – 23,5 мм, ал салмағы – 440 грамм. Ноутбуктарға тән форм-фактор арқылы оны бүктеп қалтаға, шағын сөмкеге салып жүруге болады. 

Ноутбукқа пернетақта, оң жақ жоғары бұрышта орналасқан тачпад және диагоналі 6 дюйм дисплей орнатылған.

GPD MicroPC ішіне 4 ГБ LPDDR4 жедел жады мен 128 ГБ жинақтағыш жады бар Intel Celeron N4100 процессоры орнатылған. Өндірушілер түрлі жалғағыштарға да орын тапқан: бір USB Type C, үш USB 3.0, HDMI, құлаққапқа арналған 3.5-миллиметрлік жалғағыш және RJ45 (телекоммуникациялық жалғағыш).

Ықшам сипаттамасына қарамастан ноутбук күнделікті жеңіл тапырмаларды орындап, медиаплеер қызметін атқарып, тіпті талабы төмен ойындарды да көтере алады. Толық қуатталған ноутбук 6-8 сағат жұмыс істейді.

Massaget.kz