Can`t Unsee: Қаншалықты қырағы көз адамсыз?

Can`t Unsee: Қаншалықты қырағы көз адамсыз?
Фото: cantunsee.space

Дизайнер мен программистер сайт жасағанда техникалық құрылымынан бастап сайт дизайнына дейі  бастан-аяқ қателесуі мүмкін. Сайттың тірегі – техникалық құрылым, әрине. Бірақ сайт дизайны да интерфейске зор әсер етеді. Дизайнерлер, қолданушылар қандай дизайн қате екенін ұға түсу үшін, Can`t Unsee тесті жасалған.

Сол жақтағы нұсқа – Джонни Айвтың жөндеп қойған дұрыс нұсқасы. Оң жақта түс, форма, орналасу, шрифті жағынан қате нұсқа.

Бұл – алғашқы, оңай макеттер. Кейін тапсырма қиындай түседі. Мысалы мына макеттерде:

Бір қарағанда екеуінің еш айырмасы жоқ. Бірақ қате бар. Сол жағындағы нұсқаулық жазуы сәл бұлыңғыр.

Дұрыс нұсқа. Жазулардың контрасты бір-бірімен үйлесіп тұр

Тестте дұрыс жауаптарға қарай ұпай жиналады. Қазіргі рекорд Nicu cel Surdu атты қолданушыға тиесілі. Ол 23 секундта 9 999 ұпай жинаған. Бұған жету қиынның қиыны. Себебі тест соңына қарай макеттер күрделене түседі.

Massaget.kz