Жасанды интеллектінің жаңа жеңістері

Жасанды интеллектінің жаңа жеңістері
Фото: massaget.kz

Жасанды интеллект – өмірге құдды ғылыми фантастикадан енгендей әсер қалдыратын ерекше технология. Қазақстандағы және Орталық Азиядағы Huawei Device PR-менеджері Олеся Колесниченко Tengrinews порталына берген сұхбатында жасанды интеллектінің Huawei компаниясындағы орны мен даму деңгейін айтып берді.

– Бүгінгі ғылымның жасанды интеллектіге сүйенуіне қандай негіз бар?

– Қазір үлкен деректер қоры нейронды жүйелерді үйретуге көмектесіп жатыр. Оны кез келген компьютерге енгізуге болатындай деңгей алыс емес.

Жасанды интеллектіні смартфонға алғаш енгізген Huawei болатын. 2017 жылы Huawei Mate10 бизнес-серияларында басталған жасанды интеллект интеграциясы бүгінде Kirin 970 процессорына дейін жетті. Ал соңғы 7-нанометрлі технологиясы мен екі нейронды блогы бар Kirin 980 процессоры арқылы Huawei революция жасады. Бұл мобильді чипсет Huawei Mate20 сериясындағы смартфондарға орнатылған.

– Бүгінде смартфонның қандай қабілеті бар?

– Смартфонның мүмкіндігі шексіз. Шын мәнінде олар тек қолданушының қиялымен ғана шектеліп қалған: смартфон арқылы біз қажетімізді өтейміз, жұмыс істейміз, сауда жасаймыз және достарымызбен араласамыз.

Ал Huawei Mate20 Pro – инновацияның шыңын бағындырған құрылғы. Huawei P20 камераларын негізге алып, Huawei Mate20 Pro смартфонына 40 мегапиксельді негізгі камера, 20 мегапиксельді ультракеңбұрышты камера мен 8 мегапиксельді телефотокамера орнатылған.

Huawei Mate20 Pro 1.4 Гб/сек жылдамдықпен ақпарат жүктеуге мүмкіндік береді – бұл теңдессіз нәтиже. Ол сондай-ақ 2 Гб/сек жылдамдықпен Wi-Fi байланыс орнатып, қос GPS-позициялау (L1+L5) технологиясына ие. Бұл модель батарея қуатын (сағатына 4200 мА) асқан шеберлікпен үнемдейді және HUAWEI SuperCharge технологиясының арқасында жылдам қуатталады – 30 минутта 70 пайыз толып тұрады.

– Huawei жасанды интеллект арқылы біздің өмірімізді қалай өзгерте алады?

– Жасанды интеллект технологиясы әрдайым дами береді, Huawei оның дамуына жай қатысып қана қоймай, онымен бірге дамып, өсіп келеді. Kirin 970 чипсеті шыққалы бері компания аталған технологияның дамуына өзіндік серпін берді. Соңғы он жылда компания ғылыми зерттеу жұмыстарына $60 миллиард инвестициялады. 

Huawei инновацияға ұмтылады, соның арқасында жаңашыл өнімдерді шығаруға бейім келеді. Бұл жасанды интеллектінің тенденциядан да жоғары нәрсе екенін көрсетеді.

Серіктестік материалы

Massaget.kz