Сатурндағы бір тәуліктің ұзақтығы анықталды

Сатурндағы бір тәуліктің ұзақтығы анықталды

Астрономдар Сатурн ғаламшарында бір тәуліктің қанша уақытқа созылатынын анықтады.

Планетологтар планеталардың айналуын бағалау үшін магнит өрісін жиі пайдаланады. Егер магнит өрісі және айналу осьі сәйкес болмаса, күн сайын қайталанатын радио сигналды өлшеу арқылы күннің ұзақтығын есептеуге болады. Бірақ Сатурнда магнит өрісі мен айналу осьі сәйкес келген. 

Зерттеушілер Сатурнның сақиналарын зерттеу арқылы бұл ғаламшардағы тәуліктің ұзақтығын есептеуге болатынын мәлімдеген. Осылайша, ғалымдар «Кассини» ғарыш кемесінің жинаған деректеріне сүйене отырып Сатурндағы күннің ұзақтығын тапты. Бұл ғаламшардағы бір тәулік 10 сағат, 33 минут және 38 секундқа созылады.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila