Қытай Айға тағы да 4 зонд ұшырады

Қытай Айға тағы да 4 зонд ұшырады
Фото: fntalk.com, hi-news.ru

Айдың көрінбейтін бетіне «Чанъэ-4» зонды сәтті қонып, зерттеулер жүргізе бастағаннан кейін, Қытай Ұлттық ғарыш агенттігі Жер серігін ары қарай зерттеу және игерудің келесі жоспарын жариялады. Синьхуа ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚХР тағы да 3 «Чанъэ» миссиясын жүзеге асыруды көздеп отыр. Ең маңыздысы, жақын болашақта Ай базасының құрылысын бастау. 

Қытай Ұлттық ғарыш агенттігінің (CNSA) Ай жобасы жөніндегі бас маманның айтуынша, осы жылдың соңына дейін «Чанъэ-5» зонды Айға ұшырылады. Оның негізгі міндеті – Ай топырағын жинап, Жерге жіберу. 


Қытай Айға зерттеу базаны қалай салады? 

Қытай ғалымдары Айдың арғы бетіне зондтың сәтті қонуы жобаның төртінші басқышын бастауға жол ашқанын айтады.

«Чанъэ-5» зондының миссиясы 

«Мамандар әлі де жаңа жобаларды талқылауда, бірақ «Чанъэ-5-тен» кейін біз тағы да үш қосымша ғарыштық миссияны жоспарлап отырмыз», – деді Ай жобасы жетекшісінің орынбасары У Яньхуа. 

«Чанъэ-6» зондының миссиясы 

Яньхуа «Чанъэ-6-ның» басты міндеті Айдың Оңтүстік плюсіне қонып, топырақ құрамын зерттеу екенін айтты. 

«Чанъе-7» зондының миссиясы 

«Чанъе-7-нің» миссиясы Айдың оңтүстік полюсінде ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ғалымдар осы аймақтың әртүрлі геологиялық ерекшеліктерін, топырақтың физикалық құрамын және осы аймақ айналасындағы табиғат өзгерістерін зерттеу үшін «Чанъе-7» зондын пайдаланады. 

«Чанъэ-8» зондының миссиясы 

Ал «Чанъэ-8» зонды зерттеулер мен эксперименттер жүргізумен қатар, Айда ғылыми базаға қажетті технологияларды тәжірибеден өткізеді.

Баяндамада Жер серігіне базалар құру бойынша тәжірибені тек ҚХР емес, сонымен бірге, АҚШ, Ресей, тағы басқа Еуропа мемлекеттері өткізетіні айтылған. У Яньхуа ҚХР-дың Айдағы база құрылысна 3D принтерін пайдаланатынын айтты. 

Конференция соңында У Яньхуа ҚХР тек Аймен шектеліп қалмай, Марсты да зерттейтінін, 2020 жылы Қызыл ғаламшарға зонд ұшыратынын тілге тиек етті.

«Чанъэ-4» бортындағы өсімдіктер неге өнбей қалды? 

«Чанъэ-4» зонд бортындағы мини-биосферадағы түрлі өсімдіктер арасынан тек мақта өсіп шыққанын жазған едік. Синьхуа ақпараттық агенттігі Чунцин университетіндегі ғалымдарға сілтеме жасай отырып, Айдың арғы бетіндегі зондтың бортындағы арнайы жабық капсуланың ішіндегі жалғыз мақта тұқымы өнбей қалғандығын мәлімдеді. Себебі өскін Айдағы -170 градустық суыққа мини-биосфера ішінде болса да шыдамаған. 

«Өсімдік тұқымдықтары жабық контейнерде болса да, өніп шығуға қабілетті емес», – деді Чунцин университеті биологиялық эксперименттің бас инженері, профессор Се Гэнсинь.

Т. Раушанұлы