Қытай ғарыштық аппараттың Ай бетіндегі қозғалысын көрсетті

Қытай ғарыштық аппараттың Ай бетіндегі қозғалысын көрсетті
Фото: youtube.com

Қытайдың "Чанъэ-4" ғарыштық аппараты адамзат тарихында алғаш рет Айдың көрінбейтін бетіне қонғаны туралы жазған едік. 

Қытай Ұлттық ғарыш агенттігі Айдың бетінде зерттеу жүргізіп жүрген “Чанъэ 4” луноходының видеосын жариялады. Аталған видео қытайдың Weibo әлеуметтік желісіне жүктелген. 

Айта кетейік, ҚХР зонды – “Чанъэ 4” бортында 140 келілік луноходпен бірге 3-қаңтар күні ҚХР уақытымен сағат 10:26-да Айдың арғы бетіне сәтті қонған еді. Құрылғыдағы луноход сол аумақты геологиялық және астрофизикалық тұрғысында зерттейді және көкөністерді өсіру бойынша эксперименттер жүргізеді. NASA Ай мен Марсты зерттеуге арналған жоспарымен бөлісті Зонд 2018 жылдың 7 желтоқсанында ұшырылып, 112 сағаттан соң Ай орбитасына жеткен. Зонд пен оның бортындағы луноход күннен қуат алатын батареялар арқылы жұмыс істейді.

Т. Раушанұлы