Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Amazon әлемдегі ең бай компания атанды

Amazon әлемдегі ең бай компания атанды

Amazon әлемдегі ең бай компания атанды

Интернет арқылы сауда жасауға мүмкіндік берген Amazon онлайн дүкені 7 қаңтардың таңында әлемдегі ең қымбат компанияға айналды. Бәсекелестерін басып озған америкалық компанияның жеке капиталы $797 миллиардқа жеткен. Осыған сәйкес, компанияның акциялары да 2,7 пайызға қымбаттады. Бұл жаңалықты алғаш болып The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

2018 жылдың қараша айынан бастап "Әлемдегі ең бай компаниялар" тізімін Microsoft бастап келе жатқан еді. Алайда, 2019 жылдың алғашқы аптасындағы нәтижелерге көз жүгіртсек, Microsoft капиталы Amazon компаниясынан $13 миллиардқа аз болды. Үшінші орынға $740 миллиард капиталмен Alphabet холдингі (Google) жайғасты.

Жаңалықты таратқан басылымның хабарлауынша, 2018 жылдың қазан айында Amazon жағдайы мәз емес еді. Сол кезеңде компания негізін қалаушы Джефф Безос екі күннің ішінде $19 миллиард қаржысынан айырылған.

Алайда, дәл қазіргі уақытта Джефф Безос "Әлемнің ең бай адамдары" тізімінде көш бастап тұр. Оның жеке капиталында $112 миллиард қаржы бар. Ал екінші орында, сәйкесінше Microsoft басшысы Билл Гейтс (жеке капиталы – $90 миллиард) тұр.

Amazon.com – басты кеңсесі Сиэтлде (Вашингтон, АҚШ) орын тепкен, электронды коммерциямен айналысатын америкалық компания. Бас директор Джефф Безос 1994 жылы компанияның негізін қалады. Ал 1995 жылы Amazon.com кітап сататын интернет-дүкен ретінде өз бизнесін бастады. Кейінірек DVD, CD, MP3 дисктер, компьютерлік бағдарламалар, видео ойындар, электроника, киімдер, жиһаздар, ойыншықтар тағы басқа тұтынушы қажет ететін барлық тауарларды сатылымға шығарып, амазондық айналымды үлкейтті. Біршама уақыт өте компанияның ресми қызмет көрсету сайттары Канада, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Франция, Қытай және Жапония елдерінде алғаш болып ашылды. Басында Джефф Безос Бельвью қаласындағы (Вашингтон штаты) гаражынан бастаған онлайн бизнесі халықаралық деңгейге жетеді деп күтпеген еді.

4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: google
Қосылған күні: 08 қаңтар, 12:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.