Apple компаниясының троллингі

Apple компаниясының троллингі

8 қаңтар күні Лас-Вегаста CES (Consumer Electronics Show) әлемдік гаджеттер мен электроника көрмесі өтеді. Apple бұл көрмеге мүлде қатыспаған. Сонықтан түкпір-түкпірден жиналған БАҚ пен блогерлер Apple-дан өзге компанияларды талқылап, жарыса жазатыны белгілі. Алмалы бренд көрмеге қатыспаса да қитұрқы тәсіл арқылы жұрт назарын аудартты.

Apple көрме өтетін Las Vegas Convention Center ғимаратына қарсы орналасқан SpringHills қонақ үйінің қабырғасына жарнама плакатын ілген. Ондағы жазуда былай делінген: «Сенің "Айфоныңдағы" дүние, тек "Айфонда" ғана қалады». Бұл – әйгілі "Вегаста болған нәрсе, Вегаста қалады" (What happens in Vegas stays in Vegas) сөзінің баламасы. Cол арқылы Apple деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынын еске салып жатқандай. Плакатта apple.com/privacy сілтемесі де жазылған, онда қолданушылардың конфиденциалдығына қатысты бірнеше тезистер берілген. 

Компания бұған дейін де бәсекелестеріне ерекше троллингтер жасаған еді. Солардың бірі – мына видеодағы 15 секундтық роликтер сериясы. 

Android операциялық жүйесіндегі смартфондар да iPhone-ға қарсы троллинг жасауға құмар, әсіресе Samsung.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?