Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жасанды сананың 2018 жылы қол жеткізген 7 жетістігі

Жасанды сананың 2018 жылы қол жеткізген 7 жетістігі

Жасанды сананың 2018 жылы қол жеткізген 7 жетістігі

Жаңа технология жыл өткен сайын қарыштап дамып, түрлі өзгерістерімен таңқалдыруда. Осы тұста жасанды сананы айтпасқа болмайды. 2018 жылдың өзінде жасанды сана қарапайым адамның санасына кіріп те шықпайтын түрлі жаңалық жасады. Назарларыңызға биыл техно саласында әлем назарына іліккен жасанды сананың 7 жетістігін ұсынамыз.

1) Жасанды сана сурет салды

Майлы бояумен салынған сурет, астыңғы оң жақ бұрышта суретшінің қолтаңбасы, алтын багет.  Бұл – жасанды сана салған «Эдмонд Белами портреті». Туынды бәссаудада $432 500 сатылды. Картинаның алғашқы бағасы $7000 бағаланды. Бұл жобаны франциялық Obvious компаниясының мамандары іске асырған. Олар бұл сананы екі бірдей нейробайланыстан тұратын генеративті-жарыс жүйесінің алгоритмін қолдану арқылы іске қосқан. Құрастырушылардың айтуынша, жасанды сана өз жұмысын сәтті аяқтады.

2) Жасанды сана қорқынышты жанрда фильм түсірді

Ақ-қара түспен көрсетілген қысқаметражды фильмді Бенджамин деп аталатын жасанды сана жасаған. Бенджамин фильмнің әрі сценарисі, әрі режиссері екен. Монтаждық жұмыстарды да бір өзі жасаған. Ол бірінші кезекте оқиға құрастырып, соған сәйкес ескі фильмдерден кадрлар алып, актерлердің беттеріне қазіргі актерлердің суреттерін қойып қойған. Алайда, Бенджаминді құрастырушылар, жасанды сананың өз мүмкіндіктерін әлі толық қолданбағанын айтады. Сол себепті де, фильмде қателіктер болған. Мысалы, әйелдің бетін ауыстыру кезінде оның бетіне мұрты бар еркектің бейнесі орналастырылыпты. Сонымен қатар, актерлардың диалогпен алмасуы кезінде де түсініксіз, бір-бірімен байланыспайтын мағынасыз сөздер айтылған. Алайда, бұл фильмді дайындау үшін Бенджаминге небәрі 48 сағат ғана берілген екен.

3) Жасанды сана адамның жас мөлшерін көзіне қарап-ақ біліп қояды

Тура жасыңды жалған айтуға болады, тек жасанды санаға емес. Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдардан құралған тобы HautAl OU технология стартабымен бірігіп PhotoAgeClock деп аталатын жасанды сананы ойлап тапты. Робот адамның көзіне қарап тұрып, оның жасын тура табады. Құрылғы 8500 түрлі көздің маңындағы суреттерді жаттап, осындай қабілетке ие болған.

4) Жасанды сана дәрі жасап шығарды

Дәрі жасау ең машақаты көп жұмыстың бірі. Бір дәріні ойлап табу үшін шамамен 10 жылға жуық уақыт кетеді. Солтүстік Каролина университетінің фармацевтика мектебінде ғалымдар екі нейробайланыстан құралған жасанды сананы жасап шықты. Біріншісіне молекулалардың құрылымы мен сипаттамасы сияқты деректерді енгізеді, ал екінші нейробайланыс осындағы ақпаратты қорытып, мәселенің шешімін табады. Бүгінде ЖС 1,7 миллионнан астам молекуланы зерттеп, жұмыс жүргізіп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, бұл дәрі-дәрмек дайындау процесін жылдамдата түседі. Жұмыс сәтті шығып жатса, онда болашақта ЖС дайындаған антибиотиктер де көбеймек.

5) Жасанды сана Ватиканға көмектесті

Ватиканның архивтеріндегі тарихи деректер жайлы түрлі аңыздар тараған. Осы мұрағаттағы ақпаратты цифрлы форматқа өткізу үшін 2017 жылы мемлекет In Codice Ratio командасына ұсыныс білдіріпті. Сөредегі қағаздарды қатар-қатар қойса 85,2 шақырымға созылады екен.

6) Жасанды сана әлемде алғаш рет жаңалық жүргізді

Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтті. Қытай БАҚ өкілдерінің мәліметінше, кибержурналистің сыртқы бейнесі Қытайдағы танымал тележүргізуші Цю Хаоның сырт келбетіне негізделіп жасалған. Роботты жасаған мамандардың айтуынша, осылай кез келген адамның робот нұсқасын жүргізушіге айналдыруға болады.

Виртуал жүргізуші телевизияда біраз шығындарды азайтуға көмектеседі. Мысалы, оған грим немесе айлық төлеу қажет емес. Ол күндіз-түні дем алмай жұмыс істей береді. 

7) Дебатта жасанды интеллект адамды жеңіп кетті

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында адам мен жасанды интеллект арасында пікірталас өтті. "Ғаламды зерттеуге қыруар қаржы бөлудің қажеті бар ма?" деген тақырып аясында өткен дебатқа Project Debater жасанды интеллекті және Израильдің пікірталас чемпионы Ноа Овадиа бастаған топ қатысты. Қатысушылар 2016 жылдан бастап дәйектерді іздестеріп, ұсынылған тақырыптың ұтымды және ұтымсыз тұстарын саралаған. 

Жасанды интеллект қарсыласынан қажетті ақпаратты алу үшін алдау, өтірік айту қасиеттерін меңгерген. Тіпті, пікірталастың қызған уақытында ол адамға түсініксіз тілде сөйлеп кетеді екен. Қарсыластар алдын-ала дайындаған зерттеулерін 4 минуттан оқып, мәселені шешу жолдарын көрсетті. Одан кейінгі 4 минутта қарсыластың келтірген дәлелдеріне қарсы пікір айтып, кезекпен сөз таластырды. Қалған 2 минут қорытындылауға арналды. Жасанды интелект "Адамзат үшін ғаламды зерттеу, оған қызығушылық таныта отырып игеру тек ғылымды ілгерілетіп қана қоймай, адамның жеке қабілеттерін, ой өрісін одан әрі дамытуына жол ашады" деген қорытындыға келді. 

Ал, оның қарсыласы Ноа Овадиа "Мемлекеттік субсидиялар Ғаламды емес, Жерді зерттеуге арналған ғылыми жұмыстарды жүргізуге пайдаланылса" деген тұжырыммен пікірталасты қорытындылады. Жиынның соңында дебатты басынан аяғына дейін тамашалаған көрермендер жасанды сананың дәйектері нақты, орынды деген шешімге келіп, оның ұсыныстарын қолдады. Осылайша, Project Debater өз қарсыласынан басым түсті. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: lifehacker.ru
Қосылған күні: 29 желтоқсан 2018, 13:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.