Леонардо да Винчидің сурет салатын роботы қайта қалпына келтірілді

Леонардо да Винчидің сурет салатын роботы қайта қалпына келтірілді

Инженер Роберт Сабуда Леонардо да Винчидің рыцарь-роботының қолын қайта жасап шықты. Робот-қол кез келген суретті сала алады. Тек, оны арнайы тісі бар дөңгелектер арқылы бағдарламалау қажет. 

Сабуда мұны "Леонардо да Винчи роботтар қоғамы" деп аталатын өнертапқыштың ежелгі идеяларын жүзеге асыратын топтың ұсынысы бойынша жасаған. Бұдан бұрын аталған топ да Винчи роботтарының орнынан тұрып жүре алуын, қолын қимылдата алатынын, барабанда ойнай алатынын және сурет сала алатынын анықтаған еді. 

 Леонардо Да Винчи туралы аңыз әңгімелер 

Сабу суретшінің сызбаларын мұқият зерттеп, бір жылда құлтемір қолын қайта қалпына келтірген.

Айта кетейік, Роберт Джеймс Сабуда балалар кітаптарын оқиға кейіпкерлерімен конструкциялайтын маман. Оның жақында жасап шыққан  "Оз елінің сиқыршысы" және  "Алиса ғажайыптар елінде" шығармаларын сипаттайтын кітаптары оқырмандар тарапынан жылы қабылданған.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді