Қазан айындағы ең үздік смартфондар

Қазан айындағы ең үздік смартфондар
Фото: VistaNews.ru

Қазан айында үздік смартфондардың үштігіне қытайлық компаниялар жайғасты. Смартфон нарығында Apple мен Samsung компанияларына қарымды қарсылас бола алған аспан асты елінің өнімдері бүгінде көпшіліктің де көңілінен шығады.

Қазан айында Xiaomi нарыққа жаңа смартфонын енгізіп, тұтынушыларына ресми түрде таныстырды. Су жаңа флагман Mi MIX 3 деп аталады. 6,39 дюйм AMOLED-дисплейі орнатылған смартфон Snapdragon 845 процессорымен жұмыс істейді.

Mi MIX 3-тің басты ерекшеліктерінің бірі, смартфонда 24 және 2 мегапикселге ие алдыңғы камераны жасырып тұрған жылжымалы модуль бар. Яғни, фронтал камералар қолданушыға көрінбейді. Ал құрылғының артындағы негізгі камералар 1080 анықтықпен секундына 960 кадр түсіреді. Батарея қуаттылығы – сағатына 3200 мА. Құрылғы алдағы уақытта 5G ұялы байланысымен жұмыс жасайды. Mi MIX 3 смартфонына Android 9.0 операциялық жүйесі орнатылған. Қытайлық компания бұл смартфонын қара, көк және жасыл түстермен сатылымға шығарды.

Техникалық сипаттамасы:

 • Дисплей: 6,39 дюйм, 2340*1080 пиксель, Super AMOLED;
 • Процессор: Snapdragon 845;
 • Жады: 128/256 ГБ, ОЗУ 6/8/10 ГБ;
 • Камералар: негізгі – 12+12 Мп, алдыңғы – 24+2 Мп;
 • Аккумулятор: сағатына 3200 мА;
 • Операциялық жүйе: Android 9.0.

Қазан айында жарық көрген телефондардың ішінен үздік деп танылған үш смартфонның арасында Huawei компаниясының өнімі де бар. Бұл – Huawei Mate 20 Pro. Еске сала кетейік, келесі аптада порталымыздың YouTube арнасындағы «Техно шолу» бағдарламасында бұл смартфонға арналған қазақша шолу жарияланады.

Huawei қазан айында Mate сериялы смартфондарын таныстырды. Солардың ішінде озық функциялармен толыққан Pro нұсқасы үздіктер қатарына енді. Үш бірдей камераға ие флагманның техникалық сипаттамасын назарларыңызға ұсынамыз.

 • Дисплей: 6,39 дюйм, 3120*1440 пиксель, AMOLED;
 • Процессор: Kirin 980;
 • Жады: 128 ГБ, ОЗУ 6 ГБ;
 • Камералар: негізгі – 8+40+20 Мп, алдыңғы – 24 Мп;
 • Аккумулятор: сағатына 4200 мА;
 • Операциялық жүйе: Android 9.0.

Үздіктердің үшіншісі – OnePlus 6T7. Алдыңғы айдың соңында смартфонның ресми таныстырылымы өтті. Компанияның алдыңғы өнімдеріне қарағанда бұл жолғы смартфонның экран көлемі ұлғайған. Негізгі ерекшеліктердің бірі – саусақ таңбасын тану сканері экранда орналасқан. Құрылғыда Bluetooth 5.0, Wi-Fi 802.11 a/b/g/n/ac, NFC және USB-C порты бар. Смартфон нарыққа қара түспен (Mirror Black, Midnight Black) енді. Назарларыңызға смартфонның төлқұжатындағы ақпараттарды ұсынамыз.

 • Дисплей: 6,41 дюйм, 2340*1080 пиксель, AMOLED;
 • Процессор: Snapdragon 845;
 • Жады: 128/256 ГБ, ОЗУ 6/8 ГБ;
 • Камералар: негізгі – 16+20 Мп, алдыңғы – 16 Мп;
 • Аккумулятор: сағатына 3700 мА;
 • Операциялық жүйе: Android 9.0.

А. Қажиев