Xiaоmi компаниясы жаңа смартфонын таныстырмақ

Xiaоmi компаниясы жаңа смартфонын таныстырмақ
Фото: AKKet

Қытайлық компания Weibo желісінде өздерінің жаңа өнімін 6 қараша күні ресми түрде таныстыратынын хабарлады. Алайда, смартфон иелері құрылғы жайлы нақты ақпарат таратпай отыр. Тіпті, бұл флагманның атауын да жариялаған жоқ. Техносарапшылардың болжауы бойынша, бұл сматфон Xiaomi Redmi Note 6 болуы мүмкін.

Сала мамандарының көбісі бұл пікірді жақтап отыр. Оның себебі, осыған дейін AliExpress қосымшасында Xiaomi Redmi Note 6 смартфонына арналған бөлшектер сатылымға шыққан еді. Сонымен қатар, шетелдік инсайдерлердің хабарлауынша, бұл флагман ерекше функциялармен толықпақ.

6 қараша күні Қытайлық компания өз тұтынушыларына үлкен тосын сый жасамақ. Таңқалдырудан жалықпайтын бұл компания осы жолы не дайындады екен?! 6 қарашада толықтырып жазамыз.

А. Қажиев