2018 жылдың ең қуатты смартфондары

2018 жылдың ең қуатты смартфондары
Фото: mediametrics.ru

Washington Post техносарапшылары 2018 жылдың қорытындысы бойынша, батареясы қуатты смартфондарды анықтады.

Рейтингке Apple, Samsung және Google Pixel компанияларының 2017 және 2018 жылдары шыққан түрлі гаджеті енген. Рейтинг 13 смартфон арасында сынақ түрінде жасалды. Сынақта веб-парақшаларды батарея отырғанша аша беретін автоматты бағдарлама қолданылды.

Нәтижесінде қуатты ұзақ сақтайтын смартфон iPhone XR болды. Ол 12 минут 25 секундқа шыдаған. Уақыт неге аз десеңіз, сынақта қолданылған бағдарлама – қуатты тез тауысқыш, ауыр бағдарлама. Инфографикада көрсетілген 2018 жылы шыққан көк түсті смартфондардан гөрі 2017 жылғы сұр түсті смартфондардың жалпы үлес салмағы артық. Мұның себебі – жыл сайын жаңарып отыратын модельдердің батарея қуаттылығынан гөрі техникалық мүмкіндігі барынша жетілдіріліп отырады. Жыл сайын аккумулятор сыйымдылығы, қуаттылығы 5%-ға артады, ал сол қуатты жейтін түрлі инновациялар қаншама?!

Түйін қандай? Жаңа смартфон қаншалықты қабілетті болса, сонша қуатты талап етеді. Мысалы iPhone XS Max – Apple флагманы. Оның мүмкіндігі өз қатарластарынан көш ілгері, қабілеті көп. Бірақ рейтингте iPhone XR бюджетті смартфонынан қалып қалған. Өйткені қабілеті көп болған сайын батарея да пропорционал қуатты қажет етеді.

Massaget.kz