Жаңа Samsung Galaxy S10+ смартфоны қандай болады?

Жаңа Samsung Galaxy S10+ смартфоны қандай болады?
Фото: © Twitter / Ben Geskin, hitech.vesti.ru

Интернет желісінде жаңадан шығатын Samsung Galaxy S10+ смартфонының суреттері пайда болды. Мұны белгілі инсайдер Бенджамин Гескин twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Оңтүстік кореялық компанияның жаңа өнімі 2019 жылдың басында шығады. Жаңа смартфон инсайдер жариялаған суреттегідей болуы бек мүмкін.

Смартфон беті толықтай дисплей болады. Жиегі болмайды. Алдыңғы камерасы мен саусақ ізіне арналған батырма дисплейде болады.

Н. Үсенова