Әлемдегі ең ұзақ тікелей рейс жүзеге асырылды

Әлемдегі ең ұзақ тікелей рейс жүзеге асырылды
Фото: stripnews.ru

Singapore Airlines компанияcының ұшағы әлемдегі ең ұзақ тікелей рейсті жүзеге асырды. Ұшақ Сингапурдан Нью-Йоркқа дейін 16700 шақырым жолды 17 сағат 25 минутта ұшып өткен. 

Singapore Airlines-тің Сингапурдан Нью-Йоркқа тікелей ұшатын Airbus A350 ұшағы рейсті Ultra Long Range деп аталатын жаңа модификациада жүзеге асырған. Осындай бір лайнер 161 жолаушыны таси алады. Және де бортта екі ұшқыш пен 13  бортсерік болады. 

Бұл әлемдегі ең ұзын (экватордың жартысынан сәл аз, ұзындығы 16 700 км) қашықтықты қамтыған және жолаушылар әуеде ең көп уақыт (17 сағат 25 минутт) өткізетін рейс. 

Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, лайнерде ұзақ мерзімді рейстерге арналған барлық ыңғайлы жағдай жасалған. Ұшақ салоны күрделі жарықтандыру, тік қабырғалар және дыбысты азайтатын құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ мыңдаған фильмдерден тұратын бейнежазбалар да бар. Әуе билетінің құнына 30 мегабайтқа дейінгі тегін интернет топтама мен үш рет тамақтану да енгізілген.

Т. Раушанұлы