"Твин Пикс" сериалының виртуалды әлемі жасалды

"Твин Пикс" сериалының виртуалды әлемі жасалды

Атақты әрі аса талантты режиссер Дэвид Линчтің "Твин Пикс" сериалын білмейтін адам жоқ шығар. Енді оның ойын нұсқасы жарыққа шығады.

Культті киноны ауылдарға түрлі TV кабельдер орнатпай тұрып-ақ жұрттың бәрі қарайтын. Өрістен мал қайтатын уақыт болса да, сериалды бітірмей шықпайтын. Тіпті, біздің ауылдың шеткі аймағына Твин Пикс деген атау қойып алған.

Collider Games компаниясы мен Showtime арнасы бірлесе отырып осы сериалдың виртуалды әлемін жасады. Жоба презентациясы  Festival of Disruption фестивалінде Лос-Анджелес қаласында өтеді.

А. Оралқызы