Nokia ойын ойнауға арналған смартфон шығармақшы

Nokia ойын ойнауға арналған смартфон шығармақшы
Фото: TechArena Kenya

Телефон нарығында бірнеше жыл бұрын төңкеріс жасаған әйгілі компания ойын смартфондарын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл құрылғының арнайы бейнеролигі де YouTube видеохостингінде жарияланып үлгерді.

Смартфонның сыртқы бейнесі көрсетілген 10 секундтық проморолигі шыққанымен оның техникалық сипаттамасы, атауы, таныстырылым күні, сатылымға шығу уақыты жайлы толыққанды ақпарат жарияланған жоқ.

Осыған дейін ойын ойнау функцияларына басымдық беретін смартфондарды Razer, ASUS, Xiaomi, Huawei және ZTE компаниялары жасайтын. Енді бұл тізімге халық арасында «телефонның атасы» деп баланатын Nokia да енді.

А. Қажиев