FIFA 19 ойынының алғашқы дискісі Криштиану Роналдуға сыйға тартылды

FIFA 19 ойынының алғашқы дискісі Криштиану Роналдуға сыйға тартылды
Фото: twitter.com

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы, бүгінгі дәуірдің әйгілі спортшыларының бірі Криштиану Роналду Твиттердегі парақшасына жазба қалдырды. 18 қыркүйекте жазылған постта  спортшының ұлымен түскен суреті де жарияланған.

Жақында Италияның "Ювентус" клубына ауысқан Роналду өз жазбасында:

«FIFA 19 ойынының алғашқы көшірмесін маған сыйлағаны үшін @EASPORTSFIFA-ға рақмет айтамын», - деп жазыпты.

Осы орайда еске сала кетейік, FIFA 19 ойынының компьютерге, PlayStation 4, Nintendo Switch, Xboxe One құрылғыларына арналған демо-нұсқасы 13 қыркүйек күні жарыққа шықты. Ойынның толық нұсқасы 28 қыркүйек күні сұраныс білдірушілер үшін қолжетімді болмақ.

А. Қажиев