Sony алғашқы PlayStation ойынын қайта шығарады

Sony алғашқы PlayStation ойынын қайта шығарады
Фото: hiconsumption.com

1994 жылдың аяғында Sony корпорациясы Жапония нарығына PlayStation ойын консолін ұсынған еді. Оның сәтті болғаны сонша 2000 жылы PlayStation 2, 2006 жылы PlayStation 3 және 2013 жылы PlayStation 4 нұсқаларын шығарды. 2019 жылдың маусымында жаңа PlayStation 5 нұсқасы шығады деп күтілуде. 

Енді Sony корпорациясы 1994 жылы сатуға шығарған алғашқы ойын консолін қайтадан шығаратынын мәлімдеді. Оның өлшемі сол кездегіден 45 пайызға кіші болады. Нарыққа осы жылдың желтоқсан айында шығады. Бағасы – 99,99 доллар. 

Қайта шығатын PlayStation Classic сол дәуірдің 20 ең танымал Final Fantasy VII, Jumping Flash, Ridge Racer Type 4, Tekken 3 және Wild Arms сынды ойындарымен қамтылған. 

Sony ретро-дәуірдегі ойындарды жаңартып жатқан алғашқы компания емес. 2017 жылы Nintendo компаниясы Super Nintendo Entertainment System ойын консолін қайтадан шығарған еді.

Т. Раушанұлы