Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Кішкентай балалардың ұлы өнертабыстары

Кішкентай балалардың ұлы өнертабыстары

Кішкентай балалардың ұлы өнертабыстары

Балалардың қиялы шекара дегенді білмейді. Өзіміз де бала кезде неше түрлі тәтті қиялдарға берілгеніміз жасырын емес. Кейде осы кішкентай "қиялилар" кәдімгідей жаңалық ашып жатады. Неше жыл ғалымдар жасай алмаған нәрселерді олар бір сәтте жасап шығады. 

17 қаңтар бүкіл әлемдік "Балалар өнертабысы" күні. Дәл осы күні атақты өнертапқыш Бенджамин Франклин өмірге келген. Жаратылыстанушы ретінде Франклин ең алдымен электрге арналған еңбектерімен танымал. Ол электр тогының біртектілігі теориясын жасады. Франклин атмосфералық электрді зерттеген ең алғашқы ғалымдардың бірі, жай тартқыштың құрылымын ұсынған. Франклиннің көптеген ғылыми жаңалықтары мен ғылымға сіңірген еңбегі халықаралық деңгейде мойындалған. Бен Фраклин шомылу барысында екі қолға киілетін ескекті 12 жасында алғаш болып ойлап тапқан. 

Қарда жүретін көлік 
Жозеф-Арман Бомбардье 13 жасында өзінің ең алғашқы механикалық ойыншығы – паровозды құрастырды және оның қозғалтқышы ретінде үстел сағатының механизмін пайдаланды. Жасөспірім кезіңде, оған қалың қарда жүретін машина құрастыру туралы ой келді. Канадада қар көп жауады және қыста жолдар қар астында қалады. 15 жасында ол өзінің ең алғашқы "механикалық шанасы" – қарда жүргішті құрастырды. Бір-бірінің артына бекітілген шаналарда ескі "Форд" көлігінің қозғалтқышы орнатылды, ал оған ұшақтың үлкен пропеллері (әуе винті) бекітілді. 

Уақыт өте келе 1942 жылы, ол 35 жасында атақты "Bombardier" деп аталатын қарда жүргіш машина жасайтын компанияның негізін қалады. 

Батут 
Алғашқы батутты 1930 жылы 16 жастағы гимнастшы Джон Ниссен ойлап тапқан. Батуттың конструкциясын ол гаражында құрап шығып, тапсырыс берген мектептерге сатып отырған. Міне, осылай батуттың өмірге келуімен спорттың жаңа түрі пайда болды. Бір қызығы біз әлі күнге дейін алғашқы нұсқаны пайдаланамыз.


Таяқшадағы балмұздақ 
Бір күні кішкентай Фрэнк Эпперсон қысты күні стакандағы жеміс шырынын көшеде ұмытып қалдырады. Таңертең мұзға айналған жеміс шырының дәмін татып көреді. Есейе келе Фрэнк мұны кәсіпке айналдырған. 

Көзі нашар көретіндер үшін арнайы әліпби
Луи Брайль қолөнершілер жанұясында өмірге келген. 3 жасында әкесінң шеберханасында жүріп көзін жарақаттап алады. 5 жасында оның көзі мүлде көрмей қалған. Әр түрлі зағиптарға арналған мектептерге бара жүріп, көзі көрмейтіндерге арналған әліпбимен танысады.

12 жасында Луи Брайль үштен екі бағанада орналасқан алты рельефті нүктенің әртүрлі комбинациясынан өз алфавитін құрастырды. Оқырман мәтінді оқу үшін басылған жолдарды саусақтарының ұшымен жүргізеді. Кейін Брайль жүйесін тыныс белгілерімен, сандармен және ноталармен толықтырды. Оның рельефті-нүктелі шрифтінің соңғы нұсқасы 1837 жылы пайда болды. Бүгінгі таңда Брайль әдісі бүкіл әлемде қолданылады. 
Қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі 
Джек Андрак 15 жасында 200-ден астам медициналық зерттеу орталықтарына қатерлі ісікті зерттегісі келетіні туралы хат жолдаған. Басында оның бұл ұмтылысына ешкім мән бермеген екен. 

Дәрігер онколог Джон Хопкинс балаға мектептен кейін келіп, өзінің зертханасында жұмыс істеуіне рұқсат береді. Осылайша жас ғалым асқазан қылтамағын емдеуге болатын кезеңде алдын-ала анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық тесті ойлап табады. Оның тың тәсілі 168 есе жылдам, 400 есе дәлірек, 26 000 есе арзан. Жасөспірімнің бұл еңбегін ғалымдар мен бірге "Intel" компаниясы да жоғары бағалады. Ол Джек Андракаға елеулі еңбегі үшін $75 000 көлемінде сыйақы берді. Жас ғалым компанияның жарнамалық ролигіне түсіп үлгерді.

0
Рейтинг: +0

Фото: tonamcha.com
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2018, 14:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.