АҚШ әскери қызметкерлеріне гаджет қолдануға тыйым салды

АҚШ әскери қызметкерлеріне гаджет қолдануға тыйым салды
Фото: carroaluguel.com

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі әскери базалар орналасқан аумақта қызметкерлерге түрлі гаджеттерді қолдануға тыйым салды. Қызметкерлер енді GPS орнатылған смартфон, смарт сағат, фитнес-білезік сияқты құрылғыларды мүлдем қолдана алмайды.

Пентагон меморандумына сәйкес, әскери қызметкерлер арнаулы әскери базаларда, шекара аумағында, оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін аймақта, атыс алаңдарында гаджет қолдану мүмкіндігінен шеттетілді. Меморандумда «Геолокация жауынгердің нақты қай жерде тұрғанын анықтап береді. Ал бұл тұтас жауынгерлік құрам үшін зор қауіп және жауынгердің тапсырманы орындауына кедергі келтіреді» деп жазылған.

Ал, әскери мекеме маңынан тыс аумақта жауынгерлерге гаджет пайдалануға рұқсат беру-бермеуді құрам басшысы шешеді.

Бұл заңның қабылдануына биылғы жылдың шілде айында болған оқиға себепкер еді. АҚШ жауынгерлерімен қақтығысып қалған шағын топ америкалық сарбаздардың жасырынған жерін табу үшін қарсы тараптағы жауынгердің қолындағы Polar фитнес-трекерін назарда ұстаған. Нәтижесінде, гаджеттің GPS функциясы арқылы таратқан мекенжайын пайдаланып, америкалық жауынгерлерді сан соқтырып кеткен.

Massaget мақалаларын Telegram желісінен оқыңыз!

А. Қажиев