«Ақылды» айна сатылымға шықты

«Ақылды» айна сатылымға шықты
Фото: OCDrift.com

Енді айнаға қарап тек шашты тарамаймыз. Жаһанға жаңалық болған бұл айнаға қарап адам өзінің денесіне байланысты барлық ақпаратты біле алады. Naked Labs компаниясының бұл құрылғысы айна және 3D-сканер қызметін атқарады.

Өз бейнеңізге қарап, өзіңіздің дене тұрқыңыздағы жалпы ақпаратты білу үшін айнаның алдындағы сканерлеуші платформаға тұрасыз. Бұл әрекеттен кейін сіздің бейнеңіздің 3 кейпі пайда болады. Бұл бейнелерде сіздің денеңіздегі негізгі ақпараттар жазылады. Ал толық ақпарат сол мезетте смартфоныңға хабарлама түрінде келіп түседі.

Атаулы айнаның көмегімен сіз нақты салмағыңызды біліп, бойыңызда қанша пайыз май барын көруге болады. Бұлшықеттер мен аяқ-қолдың ұзындығы, жалпы денсаулығыңыз жайлы пайыздық көрсеткіштермен көрсетілген ақпаратты ала аласыз.

Naked Labs айнасы тек физикалық формаңыздыңдағы мәліметтерді беріп қана қоймай, онлайн сауда жасау кезінде өзіңізге дәл тұратын киімді алуға да көмектеседі. Сіз айнаның алдына бір ррет тұрғаннан кейін, ақпараттар базаға еніп, сақталып қалады.

Бұл айнаның сатылымдағы бағасы – $1395. Шығарушы компания болашақта бұл өнімнің санын арттырып, оны спортзалдар мен медициналық орталықтарға көптеп орналастыруды жоспарлап отыр.

А. Қажиев