1999-2009 жылдар аралығында нарықта топ жарған үздік телефондар

1999-2009 жылдар аралығында нарықта топ жарған үздік телефондар
Фото: lubiteliyablok.com, lifehacker.ru

Жаңа мыңжылдық шымылдығын түрісімен тұрмысқа қажет түрлі технология пайда болды. Соның бірі сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік берген – ұялы телефондар. Осыдан шамамен 10 жыл бұрынғы телефондар жайлы жазар болсақ, «жіңішке қуаттағыш», «бақа қуаттағышы», «жылан ойыны», «ик-порт», «кірпіш» деген терминдерді сөзсіз еске аламыз. Бүгінгі күнгі смартфондармен салыстыруға келмейді, десе де сол заманның озық құрылғылары болған байланыс құралдарын еске түсіріп көрелік. Сонымен, қалта телефоны шыққан кезеңнен бастап 10 жыл аралығында ең көп сатылған үздік телефондарды назарларыңызға ұсынамыз.

Motorola Razr V3

Шыққан жылы: 2004
Сатылған телефон саны: 130 миллионға жуық

Motorola компаниясының бұл құрылғысы ерекше көз арбар дизайнымен ерекшеленді. Оның процессоры мықты болмаса да, қарапайым тұтынушы телефонның сыртқы көрінісіне қызығып сатып алатын. Әсіресе құрылғының ашып-жабылатын экраны және оның сыртқы бөлігіндегі қосымша экран телефонның ірі көлемде сатылуына айтарлықтай әсер етті.

Nokia 2600

Шыққан жылы: 2004
Сатылған телефон саны: 135 миллион

Сыртқы қаптамасы мықты пластиктен жасалған қарапайым телефонның дисплейы – 1,5 дюйм. Бұл құрылғы артқы камерасы бар және Bluetooth арқылы файл көшіруге мүмкіндік берген алғашқы телефондар қатарында. Оның нарықта жаппай сатылуына осы факторлар және оның қолжетімді бағада сатылуы әсер етті.

Samsung E1100

Шыққан жылы: 2009
Сатылған телефон саны: 150 миллион

Samsung компаниясы шығарған бұл құрылғының батарея қуаты Nokia 2600-ге қарағанда ұзаққа жетеді. Тіпті, кейбір керексіз баптауларды шектеу арқылы оның қуатын 13 күнге жеткізуге болады екен. Ұялы телефонға 1,52 дюймді дисплей орналастырылған. Е1100-дің негізгі артықшылығы, 1 Мегабайтты құрайтын ішкі жадының болуы.

Nokia 5230

Шыққан жылы: 2009
Сатылған телефон саны: 150 миллион

Samsung E1100-мен қатар шығып, сатылымда шамалас көрсеткіш көрсеткен Nokia 5230 сенсорлы экранымен ерекшеленді. Фотокамера, Bluetooth сияқты функциялармен толыққан гаджетке GPS орнатылды. Бұл телефон жасалған уақытында жаһанға iPhone 4 жаңалық болды. Егер ол алғашқы iPhonе-нан 1 жыл ерте шыққанда, онда оның сатылымдағы көрсеткіші 150 миллионнан көп болар еді.

Nokia 6600

Шыққан жылы: 2003
Сатылған телефон саны: 150 миллион

Бұл телефонның да көп сатылуына, дәл Motorola-дағы сияқты ерекше сыртқы дизайны әсер етті. Алайда, оның бағасы қатар шыққан телефондарға қарағанда қымбатырақ болды.

Nokia 1200

Шыққан жылы: 2007
Сатылған телефон саны: 150 миллион

Бұл телефонның әр шаңырақта болғаны анық. Қазіргі уақытта да ол қолданыстан шыққан жоқ. 1200-дің құрметке лайық артықшылығы – оның батареясы. Оның қуаты, керексіз баптауларды өшіріп қойғанда жағдайда 390 сағатқа дейін жетеді. Сонымен қатар, құрылғы қолжетімді бағада сатылды.

Nokia 3210

Шыққан жылы: 1999
Сатылған телефон саны: 160 миллион

Nokia 3210 антеннасы құрылғының ішінде орналасқан алғашқы телефонның бірі. Телефонда «Жылан», «Есте сақтау», «Айналдыру» деген 3 ойын болды. Осы ойындар оның көп мөлшерде сатылуына әсер етті деуге толық негіз бар.

Nokia 1110

Шыққан жылы: 2005
Сатылған телефон саны: 250 миллион

Nokia компаниясының кезекті үздік өнімі болған телефон жоғарыда айтқан 1200-дің сипаттамасына ие. Ал одан 100 миллионға артық сатылуы, нарыққа 2 жыл бұрын ерте кіруімен байланысты.

Nokia 1110

Шыққан жылы: 2003
Сатылған телефон саны: 250 миллион

Дизайны қарапайым телефонның пернетақталары басқан сайын тағы басқың келетін ерекше резеңкеден жасалған. 2003 жылға дейінгі ұялы телефондардың байланысы бірқалыпты жұмыс істеген жоқ. Бұл құрылғы сол кемшіліктің орнын толтырды. Бағасы қолжетімді болғандықтан оны кез келген адам сатып ала алды.

Жоғарыда көсетілген телефондардың бірнешеуі сіздің де қалтаңыздан табылғанына сенімдіміз. Гаджеттердің жазылмай қалған тағы қандай артықшылығын білесіз? Пікірге қалдыра кетіңіз.

А. Қажиев