Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / "Nasa" Марстағы тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша жеңімпаздарды анықтады

"Nasa" Марстағы тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша жеңімпаздарды анықтады

"Nasa" Брэдли университетімен бірлесіп, “3D Printed Habitat Centennial Challenge” конкурсының виртуалды модельдеу кезеңінен өткен ең үздік бес команданың тізімін жариялады. Қатысушылар 100 мың доллар көлеміндегі қаржыны өзара бөлісіп алды.

Жеңімпаз командалар мамандандырылған бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, Марстағы үйдің физикалық және функционалдық сипаттамаларын сәтті жасады. Үздіктер "Nasa"-ның ресми сайтында жарияланды. 

Әлемнің әр түкпірінен жиналған 18 командадан мына 5 команда үздік деп табылды:

Бірінші орынды Арканзастан келген қатысушылар иеленді. Бұл команда жобасында Қызыл ғаламшардағы роботтар ғарышкерлер тұратын үйді құру үшін арнайы материалдарды жинап, оларды 3D принтерлерде басып шығарады. Жоба авторларының пікірінше, бұл – тұрақ жай орнын арттыруға және ғимараттарда тұратындар санын көбейтуге мүмкіндік береді екен. "Zopherus of Rogers" командасы – 20 957,95 мың доллар көлеміндегі сыйлыққа ие болды...  
2. Kahn-Yates of Jackson, Mississippi – $20,622.74 мың доллар 
3. SEArch+/Apis Cor of New York – $19,580.97 мың доллар 
4. Northwestern University of Evanston, Illinois – 17,881.10 мың доллар 
5. Northwestern University of Evanston, Illinois – 17,881.10 мың доллар 

"3D-Printed Habitat Challenge" эксперименттік моделінің міндеті болашақта Ай немесе Марс не басқа ғаламшарларда адамдар тұратын ғимараттарды қолайлы етіп басып шығару. Мұндай байқаулар осы принтердің жұмысын дамыту үшін жасалынып отыр. 

"Біз осы жарыста әр түрлі ойлай алатын топтардың қатысқанына және олардың табысына қуаныштымыз. Олар тек конструкцияларды ғана емес, біздің ғарыш зерттеушілерімізге көмектесіп, басқа ғаламшарларда өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мекендеу орталарын жасайды. Байқау алға жылжып келе жатқанда олардың жобалары өміршең екеніне қуаныштымыз", – дейді "NASA Centennial Challenges" бағдарламасының менеджері Монси Роман.

Байқау 2014 жылы жарияланып, оған төрт құрлықтан түрлі үміткер қатысуға өтінім білдірген. Бірақ солардың ішінен 18 қатысушы іріктеліп алынған. Жарыс ұйымдастырушылары осындай байқаулар нәтижесінде пайда болатын жаңа жобалар адамзатты жаңа ғаламшарларды зерттеуге ынталандыра түседі деп үміттенуде.

0
Рейтинг: +1

Фото: nasa.gov
Қосылған күні: 30 шілде 2018, 11:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->