Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Марк Цукерберг 1 күнде 17 млрд доллардан айырылды

Марк Цукерберг 1 күнде 17 млрд доллардан айырылды

Марк Цукерберг 1 күнде 17 млрд доллардан айырылды

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Facebook Inc компаниясының акциялары күрт төмендеуінің себебінен 16,8 млрд долларынан айырылды. Бұл ақпаратты  Bloomberg агенттігі хабарлады.

Компанияның акциялары осыған дейін дәл осындай ірі көлемде құлдыраған емес. Нью-Йоркте сәрсенбі күнгі саудалардың қорытындысы бойынша, әлеуметтік желінің акциялары 20 пайызға арзандағаны анықталды. Menlo Park компаниясының хабарлауынша, компанияның жылдың екінші жартысындағы табысы сарапшылар болжамынан аз көрсеткіште болған. Сонымен қатар Facebook желісіне кіретін пайдаланушылардың да тәуліктік көрсеткіші мүлде төмендеген. Бұған, өткен жылдың соңында барлық желілерде таралып басталған #facebook-ті өшір (#deletefacebook) челленджі әсер еткені сөзсіз. Бұл бастаманы, тіпті, әлемдік өнер, қоғам қайраткерлері қолдады. Әйгілі америкалық миллиардер Илон Масктың өзі Facebook-тегі SpaceX, Tesla парақшаларын өшіргенін хабарлаған едік.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, алдағы уақытта Facebook Inc акцияларының бағасы көтерілмейтін болса, әлемдегі ең бай адамдардың арасында үшінші орында тұрған Марк Цукерберг автоматты түрде алтыншы орынға құлдилайды.

Естеріңізде болса, дәл осындай жағдай 19 наурызда болған еді. Ол кезде Цукерберг 6 миллиард доллардан айырылды. Қыруар қаржыдан қағылуына Дональд Трамптың сайлауалды компаниясының мүдделері үшін сайлаушылардың пікірін зерттеген «Cambridge Analytica» ақпараттары себеп болған еді. Олар әлеуметтік желі пайдаланушылардың рұқсатын алмай, жеке басына қатысты мәліметтерді тексерген. Осының салдарынан Цукерберг 6,06 миллиард доллар ақшасынан айырылған.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: google.com
Қосылған күні: 27 шілде 2018, 12:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.