Жиі бұзылатын смартфондар рейтингінде Saмsung көш бастады

Жиі бұзылатын смартфондар рейтингінде Saмsung көш бастады
Фото: Wikipedia

Жақында желіде техникалық ақаулары көп телефондардың рейтингі жарияланды. Рейтинг Blancco сарапшыларының басшылығымен 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы, яғни қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштер бойынша дайындалды. Атаулы компания тізімді шығару үшін Android және iOS операциялық жүйесіндегі барлық телефонды сынақтан өткізген.

Нәтиже бойынша, Android-смартфондарының арасында ең көп бұзылатын Samsung компаниясының өнімі екен. Оңтүстік Кореяда дайындалатын смартфондардағы ақау 27,4 пайызды құрады. Ал екінші орынға, 14,2 пайыздық көрсеткішпен Xiaomi смартфоны жайғасты. Үштікке 9,6 пайызбен Motorola компаниясының ұялы телефондары кірді.

Ал, iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар арасында iPhone 6 22 пайызбен бірінші орынға тұрақтады. Сонымен қоса, ізін ала iPhone 6s, 6s Plus смартфондары екінші, үшінші орынға жайғасты.

iOS операциялық жүйесіндегі ақылды телефондар арасында ең мықты телефон iPhone 8 Plus атанды. Бұл гаджеттегі ақаулар небәрі 3 пайызды көрсеткен.

А. Қажиев