Ұшақтан құлап түскен "Iphone"-ның, тіпті сырты да сырылмады

Ұшақтан құлап түскен "Iphone"-ның, тіпті сырты да сырылмады
Фото: digitaltrends.com

Ньютонның басына алманың құлап түскенін мектеп табалдырығынан білеміз. Сол сияқты, АҚШ-та 10 шілде күні "тістелген алманың" белгісі бейнеленген смартфон аспаннан құлап түсті. Бұл жайлы WBIR телеарнасы хабарлады.

300 метр биіктікте ұшып бара жатқан Биплан ұшағының жолаушысы қалықтап бара жатқан ұшақта суретке түсу үшін смартфонын шығарады. 2-3 кадр жасап үлгерген телефон иесі аяқасты желдің әсерінен қолындағы телефонын түсіріп алады. Телефон иесі ұшақты тоқтатып, Iphone-ның түскен аумағында "Айфонды іздеу" (Найти Iphone) функциясын қосып, ұзақ уақыт өтпей қалтателефонын тауып алды.

Телефон жұмсақ шөптің үстіне түскендіктен оған еш зақым келмеген. Тіпті, сыртқы қаптамасына артық сызық та түспепті.

Телефон иесі: "Қандай жағдай болмасын "Айфонды іздеу" функциясын қосып қоюды дұрыс деп санаймын. Менің жағдайым сіздерге сабақ болсын. Ұшақта ешқашан телефонды қауіпті жағдайда қалтадан шығармаңыздар", - деді.

А. Қажиев