Енді iPad планшетімен Photoshop бағдарламасын пайдалануға болады

Енді iPad планшетімен Photoshop бағдарламасын пайдалануға болады
Фото: gostudiorama.com

Суретті кәсіби түрде өңдеуге, әрлеуге арналған Photoshop өте күрделі бағдарлама. Бұл бағдарламада жұмыс жасау үшін компьютеріңіздің процессоры кемінде CoreI3 болу керек. Кез келген компьютер "көтере алмайтын" аса күрделі бағдарламаны енді Apple компаниясының iPad планшетіне жүктеп, еш кедергісіз жұмыс жасауға болады.

Photoshop бағдарламасының арнайы "ІPad"-қа арналған толыққанды қосымшасы 2018 жылдың қазан айында өтетін Adobe Max конференциясында таныстырылады. Ал 2019 жылы бағдарлама қосымшасы тұтынушыларға қолжетімді болады.

"Adobе"-тың Creative Cloud бөлімінің бас продакт-менеджері Скотт Белскидің хабарлауы бойынша, тұтынушылар атаулы бағдарламаның сервиске енуін бірнеше уақыт бойы сұрап келеді екен.

Алдағы уақытта жарыққа шығатын бағдарламаның тұтынушылары компьютерде бастап, сақтаған жұмыстарын енді планшеттің көмегімен кез келген уақытта ашып, жалғастыра алады. Adobe бағдарламасының қазіргі уақытта да iOS операциялық жүйесінде Express, Mix және Fix атты 3 бірдей Photoshop қосымшасы бар. Алайда, олар Photoshop-тың барлық функцияларына ие емес.

А. Қажиев