Instagram қолданушыларның саны миллиардқа жетті

Instagram қолданушыларның саны миллиардқа жетті
Фото: pexels.com

Ұзақтығы 1 сағатқа дейін тігінен түсірілген видеоларды көруге, жариялауға мүмкіндік берген IGTV қосымшасының қолданысқа ұсынылғанына аз ғана уақыт өтті. Осыған қарамастан желі қолданушылары бұл функцияны бірден меңгеріп, видео тарату барысында белсенді қолданып кетті. Қосымша Android және iOS операциялық жүйелерінде қатар жұмыс істеп тұр.

Осы функцияның да әсері болса керек, Instagram қолданушыларының саны милиардқа жеткен. Бұл туралы әлеуметтік желінің 20 маусым күні таратылған ресми хабарламасында айтылды.

«Instagram миллиард адамға арналған ірі ұйымға айналып отыр! 2010 жылы іске қосылған уақыттан бастап оның қалай өсіп, өркендейтінін жіті бақыладық. Сіздерге көп рақмет! Бұл біз үшін үлкен жетістік болып отыр», - делінген хабарламада. 

Осылайша, әлеуметтік желінің төресі атанған Instagram ең көп қолданылатын желіге айналды. Уақытында оқырман жинап, белсенді пост жариялап отырған әуесқой блогерлер бүгінде Instagram-ның арқасында табыс тауып, бұл желіні қаржы көзіне айналдырып үлгерді. Күнделікті күйбің тіршілікті суреттермен сауатты сөйлету үшін бүгінде жаңа мамандық та үлкен сұранысқа ие.

А. Қажиев