IOS 12 жаңартуындағы жаңа функциялар

IOS 12 жаңартуындағы жаңа функциялар

Қыркүйектің екінші жартысында өз қолданушыларына жол тартатын IOS 12 жаңартуларына қосымша функциялар қосылады. Атап айтар болсақ, 911 нөміріне, яғни құтқару қызметіне қоңырау шалу кезінде Ipһone автоматты түрде құтқару қызметіне телефонның дәл қазір орналасқан мекенжайын жібереді. 

Бұл функция төтенше жағдай диспетчерлерінің қызметін жеңілдетпек. Құтқарушылар Iphone қолданушысы хабарласқан уақытта бірден нақты мекен жайды біле алады. Смартфонның қолданылған аумағын бақылап отыру үшін тұтынушыны байланыс, Wi-Fi және GPS арқылы бақылайтын арнайы технология қолданылады. Apple-дің хабарлауы бойынша, бұл сервис қолданушының мекенжайын 50 метрге дейінгі дәлдікпен тауып береді. 

АҚШ-тың байланыс бойынша федералды комиссиясының ақпараттарына сүйенсек, мекенжай ақпаратын дәл уақытында беретін бұл функция жыл сайын 10 мың адамның өмірін сақтап қалуға көмектеспек. 

Apple бұл функция тек 911 нөмірін теріп, колл-орталыққа қоңырау шалғанда ғана жүзеге асатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, функция әзірше АҚШ аумағында ғана жүзеге аспақ. Басқа елдерге бұл әрекетті орындау қашан мүмкін болмақ?! Apple бұл жайында тарқатып айтқан жоқ.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Апельсиннің "бауырлары"
Апельсиннің "бауырлары"
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қояндардың тістері өмір бойы өседі
Қояндардың тістері өмір бойы өседі