Antutu: ең қуатты 10 смартфон

Смартфондар мен планшеттерге баға беретін ең танымал Antutu бенчмаркы мамыр айының есебіне сәйкес ең қуатты смартфондар тізімін жаңартты

Бірінші орында 274 910 балл иеленген OnePlus 6 қытай смартфоны тұр. Екінші орынды 1 ТБ жады бар Smartisan R1 (273 520 балл) смартфоны иеленді. Ал үшінші орынға Xiaomi Black Shark (270 235 балл) смартфоны лайық деп танылыпты. Үш смартфонға да 8 ядролы Qualcomm Snapdragon 845 процессоры орнатылған. Төртінші және бесінші орында 263 218 және 262 571 балл жинаған, 845 Snapdragon процессоры орнатылған Samsung Galaxy S9+ пен Galaxy S9 смартфондары. Алтыншы орынды 261 719 балл жинаған Xiaomi Mi MIX 2S қытай смартфоны иеленді. Жетінші орында Nubia Red Magic (214 904 балл). Топ ондықты Huawei компаниясының үш смартфоны қорытындылапты: Mate 10 Pro (212 001 балл), Mate 10 (211 566 балл) және Honor V10 (210 616 балл). Huawei смартфондарының бәрі авторлық Kirin 970 процессорымен жұмыс істейді.