Canon. Тұтас бір дәуірдің соңы

Canon. Тұтас бір дәуірдің соңы

Canon компаниясы EOS-1v аталатын соңғы пленкалы камерасының сатылғанын хабарлады.

2000 жылы шығарыла бастаған өнімді жасау 2010 жылы аяқталған болатын. Осы күнге дейін сатылып келген камералар  қоры таусылған. Енді фотография өнері үшін тұтас бір дәуірді қамтыған пленкалы камералар жоқтың қасы.

EOS-1v үлгісіндегі аппарат иелері үшін қызмет көрсету 2025 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады. Пленкалы камерелармен жұмыс істегенді жақсы көретіндер үшін аз болса да,  Nikon F6 мен FM10 модельдері әлі де болсын бар. 

А. Қажиев