Қытай адамдарды тасымалдайтын дрон жасап шығарды

Қытай адамдарды тасымалдайтын дрон жасап шығарды
Фото: nv.ua

Бейжің авиация және ғарыш университеті инженерлері бір тоннаға дейінгі жүкті алып, 1500 шақырым арақашықтықты жүріп өте алатын ұшқышсыз басқарылатын ұшақты жасап шығарды. Аталған құрылғы дрондар арасындағы ең ірі техника.

Компания инженерлерінің айтуына қарағанда әлі аты белгісіз дрон 9 адамды тасымалдай алады. Оның қанаттары 19,6 метр болып, сағатына 360 шақырымды басып өте алады екен.

Әуе кемесіне екі қозғалтқыш орнатылған. 2020 жылға қарай ұшақты алғашқы сынақтардан өткізе бастайды.

«Сынақтар сәтті болса 2025 жылға қарай бұл ірі дронды ауқымды түрде жасап  шығарып, сатуды жоспарлап отырмыз», – дейді "Beihang" компаниясының технологиялық дизайнері Чжан Шоу.

Жақын күндері "Beihang" "Alibaba Group" сауда корпарациясына қарасты "Sainiao" логистика компаниясымен бұл дрондарды жетілдіру және сату бойынша өзара бірлескен құжатқа қол қойды.

Т. Раушанұлы