Оңтүстік Кореяда сарбаздардың орнын роботтар басады

Оңтүстік Кореяда сарбаздардың орнын роботтар басады
Фото: sia.ru

Оңтүстік Корея мемлекеті 2024 жылдан бастап өз қорғаныс саласында әскери-роботтарды пайдалануды жоспарлап отыр. Бұндай жағдайға кәрістер жылдан-жылға адам санының азаюынан барып отыр.

Мәліметтерге қарағанда осы жылдың басында қорғаныс министрлігі әскерилер мен роботтардан құралған бөлімдерді соғыс жағдайындағы сынақтан өткізіп көрген.

Нәтижерлерге қарағанда миналарды анықтау, залалсыздандыруда дрондар, ұшусыз басқарылатын барлау құрылғылар мен роботтардан пайдалану адамдарға қарағанда біршама тиімді екенін көрсеткен.

Мысалы, жерде әрекет ететін барлау машинасы 500-600 әскеридің қызметін бір өзі атқарады. Ал, "K9 Thunder" гаубицаларындағы туреллдерді (пулемет пен кіші калибрлі автоматтар орнатылған құрылғы) мүлде автоматтандыру 2 мың сарбаздың орнын басады. Әскери инженерлердің мәліметіне қарағанда мұндай автоматтандырылған қаруды жасауға 3 жыл уақыт кетеді екен.

Қазіргі күнде Оңтүстік Корея демографиялық тоқырауды бастан кешіріп жатыр. Мемлекеттегі халық саны 50 миллионға жуық. БҰҰ болжауына қарағанда 2050 жылға барып кәрістердің саны өсудің орнына 10 миллионға азаяды.

Т. Раушанұлы