Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылды

Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылды
Фото: http://today.kz/

Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылып жатыр. Орындықтар арқылы тұрғындар телефонын сымсыз қуаттай алады.

Бұл "Ақылды қала" бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалардың бірі. Цифрлық ноу-хау адамдар көп жүретін басты және орталық алаңдарға қойылған. "Ерекше" орындықтар емен ағашынан жасалған. Сондықтан да жауын-шашын мен аптап ыстықта бүлінбейді.

Тағы бір артықшылығы – күн сәулесінен қуат алады. Аялдау орны әсіресе жастардың көптеп жиналатын жеріне айналды.

"Қаланың орталық алаңдарында 4 smart – орындық орнатылды. Олар тегін Wi-Fi да таратады. Енді тұрғындар көшеде серуендеп қана қоймай, ұялы телефондарын қуаттай алады", – дейді қалалық әкімдік бөлімінің бас маманы Асхат Рамазанов.

дереккөз:today.kz

Т. Раушанұлы